Vladislav Kukharsky
Quick Facts
Biography
Владислав Павлович Кухарский - 1946 жылы 3 мамырда Алматы облысының Талғар қаласында туған. Әкесі - Кухарский Павел Андреевич, марқұм, «Алматы» кеңшарының бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. Анасы - Кухарская (Кравцова) Анна Борисовна, марқұм, балабақшаның шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген, дене шынықтыру және спорт оқытушысы. Орыс және ағылшын тілдерін біледі.
- 1962 жылдан - велоспортпен айналысады.
- 1973 жылдан - ҚазКСР велоспорт жаттықтырушысы, бас жаттықтырушысы.
- 1987 жылдан - Спорттың қолданбалы түрлерінен Республикалық жоғары спорт шөберлігі мектебі директорының орынбасары, 1988 жылдан - директоры.
- 1991 жылдан - велоспорт бойынша «Динамо» клубының директоры.
- 1992 жылдан бері - ҚР ҰОК халықаралық және ұлттық федерациялармен байланыс жөніндегі топтың бастығы. ҚР Велоспорт федерациясының президенті (1984-1999). ҚР Велоспорт федерациясының вице-президенті (1999 жылдан бері). Бүкілодақтық және халықаралық сайыстардың көп мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Әлем велобәйгесінің қола жүлдегері (1970). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1979). Бүкілодақтық велоспорт дәрежесіндегі төреші (1981). ҚазКСР Еңбек сіңірген дене шынықтыру қайраткері (1983). Спорт шебері (1964), халықаралық кластағы спорт шебері (1970). Халықаралық кластағы 2 спорт шеберін, «Достық» жарысының күміс жүлдегерлері П. Лазаревті және Е. Корольковты тәрбилеген. «Құрмет» орденімен (2006), «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға сіңірген өңбегі үшін» Құрмет белгісімен (1997), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің (1971), ҚР (1998) құрмет грамоталарымен марапатталған.
Әскери атағы - сержант.
Діни көзқарасы - діндар.
Саяси қайраткeр ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».
Хоббиі - салауатты өмір салты, саяжай.
Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтер.
Үйленген. Жұбайы - Кухарская (Пугина) Елена Константиновна (1947 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Галина (1972 жылы туған), Светлана (1975 жылы туған).