Viktor Yegorov
Quick Facts
Biography
Виктор Владимирович Егоров (1945 жылы туған) – педагогика ғылымының докторы (1996), профессор (1997), Халықаралық ғылым академиясының академигі (2000).
Қарағанды политехникалық институтын (1968, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген соң «Қарағандытаукенмаш» өндірістік бірлестігінде инженер (1968–76). Қарағанды политехникалық институтында доцент (1976–86), Қарағанды педагогика институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік университеті) кафедра меңгерушісі, проректоры (1986–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде декан қызметінде.
1995 ж. «Организационно-педагогические основы подготовки инженера-педагога для профессионально-трудового обучения учащихся» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егоров 248 ғылыми еңбектің, оның ішінде 13 монографияның авторы.
Дереккөздер
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы