Valeriya Krymskaya
Quick Facts
Biography
Валерия Георгиевна Крымская (1942 жылы 27 ақпанда РКФСР-дің Курган қаласында туған)- актриса, Орыс.
Әкесі - Крымский Георгий Андреевич, марқұм, азаматтық авиация пилоты болған. Анасы - Крымская Елена Алекcандровна, марқұм, Свердловск темір жолында жұмыс істеген.
Свердловск театр училищесін бітірген (1967), драма театрының актері.
1967 жылдан - А.П. Чехов атындағы Павлодар драма театрының актері. 1969 жылдан бері - Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының актері. Келесі спектакльдерде ойнайды: А. Алексиннің «Мой брат играет на кларнете» (Алина - 10 сынып оқушысы, 1969); Б. Рацердің, В. Константиновтың «Неравный брак» (Лида - студент, 1969); И. Кычаковтың «Сквозь грозы» (Н.К. Крупская, 1969); Ф.М. Достоевскийдің «Униженные и оскорбленные» (Мавра; Әйел, 1970); Ж.Б. Мольердің «Тартюф» (Дорина, 1970); Б. Васильевтің «А зори здесь тихие...» (Рита Осянина, 1971); А. Гайдардың «Р.В.С.» (Димка, 1971); А. Володиннің «С любимыми не расставайтесь» (Ирина, 1973); А. Фадеевтің «Молодая гвардия» (Любовь Шевцова, 1974); В. Славкиннің «Взрослая дочь молодого человека» (Люся, 1979); А. Соколовтың «Общий вопрос» (Н.К. Крупская, 1980); А. Островскийдің «Женитьба Бальзаминова» (Красавина, 1981); Л. Разумовскаяның «Трое под одной крышей» (Валентина; Ана, 1987); Г. Щербакованың «Вам и нө снилось» повесі бойынша «Назначь мне свидание» (Татьяна Николаевна; Мектеп директоры, 1987); Б. Васильевтің «Завтра была война» (Искраның мамасы, 1988); Б. Пастернактың «Доктор Живаго» (Лара, 1990); Л. Соколованың «Фантазии Фарятьева» (Мама, 2006); И. Бабельдің «Закат» (Нехама, 2006) және басқа спектакльдер.
ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987). II дәрежелі «Достық» (2010) орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен (1988); «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен (1976) марапатталған.
Қызы - Крымская Алиса Валерьевна (1982 ж. т.).
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2