Tatyana Banchenko
Quick Facts
Biography
Татьяна Петровна Банченко 1947 жылы 25 мамырда ӨзКСР Самарқанд облысы Жызақ қаласында туған. Орыс.
Әкесі - Гаврилин Петр Павлович, марқұм. Анасы - Гаврилина Василиса Яковлевна, марқұм, кеңшардың жұмысшысы болған, үй шаруасымен айналысқан.
Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетін бітірген (1969), театр және кино актері. Орыс және неміс тілдерін (сөздікпен) біледі. 1969 жылдан - Жасөспірім көрермендер театрында актриса. 1989 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында актриса.
«Как важно быть серьезным» (Леди Брэкнелл), «Мужской род, единственное число» (Матильда Ласбри), «Пока она умирала» (Софья Ивановна), «Семейный портрет с посторонним» (Әйел), «Сирена және Виктория» (Сирена), «Хрустальный башмачок» (Өгей шеше), «Человек, который платит» (Мелия), «Тот, кто получает пощечины» (Зинида), «Вишневый сад» (Шарлотта Ивановна) спектакльдерінде рөлдер орындайды.
«Еңбек ардагері» (1988), «Ерен еңбегі үшін» (2003) медальдарымен марапатталған. «Жігер» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі.
Діни көзқарасы - христиан.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік! Қазақстан болашақта да одан әрі реформалар жолымен жүретін болады».
Хоббиі - театр және немерелері.
Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, М.А. Булгаков, И. Ильф және Е. Петров, Ф.И. Тютчев.
Жесір. Ұлдары - Владимир (1972 жылы туған), дәрігер; Евгений (1974 жылы туған), «Филипп Моррис» компаниясының нарықты зерттеу жөніндегі басқарушысы. Немерелері - Саша, Миша, Олег.
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2