peoplepill id: seytkali-mendesjev
SM
Russia
2 views today
7 views this week
Seytkali Mendesjev
Russisch ambtenaar (1882-1938)

Seytkali Mendesjev

The basics

Quick Facts

Intro
Russisch ambtenaar (1882-1938)
Places
Work field
Gender
Male
Place of birth
Bokey Orda District
Death
Place of death
Almaty
Age
55 years
The details (from wikipedia)

Biography

Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев (16.6.1882 жыл, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 25.02.1937 жыл, Алматы) – қоғам және мемлекет қайраткері.

  • 1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған.
  • Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты.
  • 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды.
  • 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты.
  • 1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы съезінде губерния атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.
  • 1919 жылы шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды.
  • 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды,
  • 1921 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарын,
  • 1924 жылы Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді.
  • 1925 – 1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы.
  • 1926 – 1930 жылдары РКФСР экономикалық кеңесінің мүшесі.
  • 1930 – 1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
  • Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты;
  • КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі (1925 – 26);
  • КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 1929) болды.
  • 1921 – 26 жылдары РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды.
  • 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеуметтік салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді.

Есте сақтау

  • Жаңақала ауданындағы орта мектептің бірі
  • Алматының бір көшесі Меңдешев есімімен аталады.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8


The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Seytkali Mendesjev is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Seytkali Mendesjev
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes