Semjon Jakovlevitsj Kireev
Quick Facts
Biography
Семен Яковлевич Киреев(1916, Ресей, Алтай өлкесі, Косиха ауданы,Червово селосы - 17.7. 1944, Ресей, Карелия Республикасы Питкяранта қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, взвод командирі. 1939 жылы Киреевтің отбасы Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы,Чистовское селосына қоныс аударды. Киреев 1941 жылы17 шілдеде Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев)ауданы әскери комиссариатынан Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1944 жылдың маусымында 7-армия әскерлері Свирь өзенінен (Ленинград облысы) өту операциясына кірісті. 1061-атқыштар полкінің (Карель майданы, 7-армия, 272-атқыштар дивизиясы) взвод командирі Киреев Лодейное Поле қаласының Солтүстік жағында Свирь өзенінен взводымен алғашқылардың бірі болып өзеннен өте бастағанда, кенет жау қайыққа оқ боратты. Жағалауға жақындаған қайық суға бата бастады. Жауынгерлер суға секіріп, келесі жағалауға жетіп, жау шебіне басып кірді. Киреев батальон өзеннен толық өткенше шепті қорғап тұрды. 1944 жылы 10 шілдеде кескілескен ұрыстың нәтижесінде жау қорғанысының маңызды торабы Питкяранта қаласы алынды. Қаланы азат ету үшін болған ұрыста Киреев ауыр жараланып, қаза тапты. Ұрыс кезінде ерлігімен көзге түскен Киреевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.7.1944). Питкяранта қаласының орталығындағы Киреевтің қабіріне ескерткіш тұрғызылды. Лодейное Поле қаласында обелиск орнатылып, көшеге есімі берілді.
Дереккөздер
- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х