Mikhail Sergeevich Kolesnikov
Quick Facts
Biography
Михаил Петрович Колесников(15.9.1918, Ресей, Орынбор облысы, Соль-Илецк қаласы - 31.1.1974, Ақтөбе облысы,Қобда ауданы,Қобда ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, гвардия старшинасы, механик-жүргізуші. Колесниковтың балалық шағы Ақ- төбе қаласында өтті. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Карпат тауларындағы ұрыстарға қатысты. 1944 жылы 18 қыркүйекте Шкляры деревнясы үшін шешуші ұрыстар басталды. Жау Кеңес әскерлері танкілерінің 19-20 қыркүйектегі 2 шабуылына тойтарыс берді. Көптеген экипаж қатардан шығып қалды. Ал 21 қыркүйекте «Деревняны алыңдар» деген бұйрық келді. Колесниковтың машинасы алда, қалган екі танк артта келе жатты. Кенет арттағы екі танк орға түсіп кетіп, табандап тұрып қалды. Колесниковтың жаумен жалғыз соғысуына тура келді. Колесников жаудың 3 зеңбірек расчетін жермен-жексен етті. Деревня жаудан тазартылды. Тапсырманы орындап қайтып келе жатқан Колесниковтың танкісі күтпеген жерден минаға тап болып, ол ауыр жараланды. Ерекше ерлігі мен батырлығы үшін Колесниковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945). Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ол Ақтөбе облысы,Қобда ауданындағы Қобда ауылында тұрды.
Дереккөздер
- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х