Marina Gantseva
Quick Facts
Biography
Марина Юрьевна Ганцева 1962 жылы 4 тамызда Павлодар қаласында туған. Орыс.Әкесі - Ганцев Юрий Геннадьевич, зейнеткер, теміржолшы болған. Анасы - Ганцева Тамара Михайловна, зейнеткер, телефоншы болған. М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанындағы мектеп-студиясын театр актері мамандығы бойынша (1982); Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының актерлік V факультетін (1996) театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген. Орыс, итальян және неміс тілдерін біледі. 1984 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында актриса. «Мужской род, единственное число» (Жасант), «Нахлебник» (Ольга Петровна), «Таланты и поклонники» (Смельская), «Эзоп» (Мелита), «Балкон» (Женщина), «Все в саду» (Дженни), «Когда лошадь теряет сознание» (Корали), «Вальс одиноких» (Далия) спектакльдерінде рөлдер орындайды. П. Назаровтың «Крестная мать» әнінің бейнеклипіне, «Астана - махаббатым менің» телехикаясына, А. Ганцевтің «Мәміле», «Алтын балық» фильмдеріне түскен. «Между нами, девочками» бағдарламасының (КТК), ақпараттық жаңалықтардың (КТК) жүргізушісі. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: «Ощущение театра», «Аплодисменты» (Хабар), «Между нами, девочками» (КТК) телебағдарламалары.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2002). Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1994). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2008). Діни көзқарасы - православиелік христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, В.В. Путин. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жақын болашақта Қазақстан Орталық Азиядағы қаржылық және мәдени інжу қазынаға айналады». Хоббиі - саяхат жасау, кітап оқу, шешендік өнер. Сүйіп оқитын әдебиеті - психологиялық әдебиет, П. Коэльо. Түрмыс құрған. Жұбайы - Марко Ауджелло, Итальяндық мәдени орталықтың директоры. Ұлы - Ганцев Артем (1983 жылы туған).
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2