peoplepill id: lyubov-ni
LN
Russia Kazakhstan
4 views today
4 views this week
Lyubov Ni
Politician

Lyubov Ni

The basics

Quick Facts

Intro
Politician
A.K.A.
Lyubov Nī Lyubov Avgustovna Ni Lyubov Avgūstovna Nī
Work field
Gender
Female
Place of birth
Zhetisay, Kazakhstan
Age
72 years
The details (from wikipedia)

Biography

Любовь Августовна Ни (1952 жылы 26 қазанда Түркістан облысы Жетісайда туған) — Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театрының директоры (1997 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). ҚР Мәдениет қайраткері (2002). "Самұрық" Қазақстан Ұлттар театры қауымдастығының президенті.

Толығырақ

  • Любовь Августовна 1952 жылы 26 қазанда Түркістан облысы Жетісайда дүниеге келген.
  • Ұлты - Корей.
  • Әкесі - Ни Август Петрович, марқұм. Анасы - Ни Ольга Николаевна, марқұм.
  • 1975 жылы Тамбов мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-филология факультетін филолог-педагог мамандығы бойынша бітірген.
  • 1988 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіның педагогика және психология факультетін педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген.
  • Орыс, Корей тілі (түрмыстық) және қазақ (бастауыш деңгей) тілдерін біледі.
  • «Коре Ильбо», «Казахстанская правда» газеттеріндегі 12 мақаланың авторы.

Еңбек жолы

  • 1976 - 1985 жылдары Алматы облысы Балқаш ауданындағы балабақшаның әдістемешісі.
  • 1985 - 1991 жылдары Алматы облысы Балқаш ауданының Жамбыл атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.
  • 1991 - 1995 жылдары «Тан-Балқаш» акционерлік компаниясының әкімгер-инженері (Алматы).
  • 1995 - 1997 жылдары «Бірлік» АТАҚ президентінің көмекшісі (Алматы).
  • 1997 - 1999 жылдары Мемлекеттік республикалық музыкалық комедия корей театры директорының орынбасары.
  • 1999 жылдан Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театрының директоры.

Қосымша лауазымдары

  • "Қазақстан халқы ассамблеясының әлеуметтік консорциумы" АҚ бас директоры.
  • Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.
  • Қазақстан кәрістері қауымдастығы Президиумының мүшесі.
  • «Қазақстан ұлттар театры»ның Бас директоры.
  • 2015 - 2016 жылдары Қазақстан халқы ассамблеясы бас төрағасының бірінші орынбасары.
  • Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры.

Марапаттары

  • 2002 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
  • 2002 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы.
  • 2005 жылы елбасының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталды.
  • 2005 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерекелік медалі.
  • 2009 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2011 жылы президенттің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
  • 2015 жылы "Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл медалі"
  • 2016 жылы Президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі "Достық ордені" мен марапатталды.

Жеке қасиеттері

  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Тэтчер және Н.Ә.Назарбаев
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Білім беру және мәдениет салалары жоғары деңгейде дамыған егемен тәуелсіз мемлекет».
  • Хоббиі - музыка, өлеңдер, эзотерика.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - А.П. Чехов, И.С. Куприн, Дж. Лондон, С. Есенин, Анна Ахматова.

Жеке өмірі

  • Тұрмыс құрған. Жұбайы - Шин Г.Х., зейнеткер.
  • Ұлы - Шин Сергей;
  • қыздары - Шин Виктория және Шин Евгения.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2


The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Lyubov Ni is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Lyubov Ni
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes