K. N. Kornilov
Quick Facts
Biography
Константин Николаевич Корнилов (1879 жыл 24 ақпан – 1957 жыл 10 шілде) – кеңес психологы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. КСРО Педагогика ҒА мүшесі (1943).
Еңбек жолы
1898 жылы Омбының оқытушылар семинариясын бітірді. 1898 жылдан 1905 жылға дейін Сібірде халық мұғалімі. 1910 жылы Мәскеу университетін бітірді. 1916 жылдан Мәскеу университетініңпривант-доценті. 1944-1950 жылдары КСРО Педагогика ҒА-ның вице-президенті. 1923 жылы Корнилов психология ғылымын марксизм негізінде қайта құру үшін Г.И.Челпановтың идеализмі мен эмпиризміне қарсы күрескен психологтар тобын басқарды. Бірақ та оның концепциясы диалект-материалистік концепция болмай, механистикалық сипатта, субъективизм мен объективизм арасындағы келісушілік болып табылды. Корнилов реактология ілімін марксистік психология деп идеалистік эмпирикалық психологияға және мінез-құлық психологиясына (бихевиоризм, рефлексология) қарсы қоймақшы болды. Оның бұл методологиялық қателері 1931 жылы болған дискуссия,да сынға алынды. Корнилов жоғары оқу орындары мен педагогикалық училищелерге және орта мектептерге арналған оқулықтардың авторы. Өмірінің соңғы кезінде адамның мінез-құлық психологиясы, педагогикалық мәселелерімен шұғылданды.
Марапаттары
2 рет Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том