Iwan Chramkow
Quick Facts
Biography
Иван Петрович Храмков(29.08.1905,Калуга облысы-19.08.1977,Мәскеу) - кеңес мемлекет және партия қызметкері. 1926 жылдан ПКСС мүшесі.
Өмірбаяны
Мәскеудегі Свердлов атындағы Коммунистік университетті(1937), Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлкеттік университетті (1948) және КПСС ОК жанындағыЖоғары партия мектебін (1948) бітірді. 1920 жылы фабрикада темір ұстасы, 1925-30 жылдары ұялық, аудандық және губерниялық комсомол комитеттерінде хатшы, бөлім меңгерушісі,1930-45 жылдары Мәскеу облысында партия қызметінде,Қарашай автономды облыс,Ставрополь өлкелік парткомының хатшысы, Пятигорск қалалық парткомының 1 - хатшысы.1948-54 жылдары Қазақстан КП ОК-нің насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1954-59 жылдары Қостанай облыстық партия комитетінің 1 - хатышысы. 1959-61 жылдары [[КСРО[[ Мәдениет министрлігінің коллегия мүшесі,1961-77 жылдары КСРО ауыл шаруашылығы министрлігінің коллегия мүшесі,"Колос" баспасының директоры,1949-59 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі болды. КПСС 18-20- съездерінің делегаты,4-5 сайлауда КСРО Жоғары Кеңесінің,3 сайлауда Қазақ АКСР Жоғары Кеңесінің депутаты.
Сыйлықтары
- Ол екі рет Ленин орденімен және басқа 4 орден, медальдармен марапатталған.
Қолданылған әдебиет
- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 52 бет