Isa Konoevitsj Achoenbaev
Quick Facts
Biography
Иса Қонай ұлы Ахунбаев(25.09.1908, Торыайғыр, Ыстықкөл ауданы - 05.01.1975, Шу облысы) - кеңес одағының атақты хирургі. Ұлты - қырғыз.Қырғыз ССР ғылым академиясының толық мүшесі (1954) және тұнғыш президенті (1954-60), КСРО Мғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
1935 ж. Орта Азия медициналық институтын бітірген. 1935-37 жылдары Қырғыз ССР-і Денсаулық сақтау халкомының орынбасары, Қырғыз медициналық институтының директоры, жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі (1946-48 ж.).
Ахунбаевтың медициналық саласынан 120 ғылымиеңбегі жарияланды, оның негізгілері балалардың бұғақ, соқыр ішек және эхинококкоз ауруын зерттеуге арналған. Ахунбаев - 1949 жылдан Қырғыз КП ОК мүшесі, КСРО Жоғары Советінің депутаты (2,4-шақырылуы). Хирургтердің халықаралық ассоциациясының мүшесі (1948). Ленин орденімент.б. 4 орденмен және медалдармен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том