peoplepill id: gani-abdoealievitsj-koelzjanov
GAK
Russia Kazakhstan
2 views today
2 views this week
Gani Abdoealievitsj Koelzjanov
Actor

Gani Abdoealievitsj Koelzjanov

The basics

Quick Facts

Intro
Actor
Gender
Male
Place of birth
Zhalagash District, Kazakhstan
Age
59 years
The details (from wikipedia)

Biography

Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998).

Толығырақ

  • Ғани Әбдуәлиұлы 1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.
  • 1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі)н бітірген.
  • 1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
  • 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды.
  • 2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды.
  • 2007 жылы Астана қаласындағы Жастар театрына директорлық қызыметіне тағайындалды.
  • 2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды.
  • Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері.

Шығармашылығы

  • 1990 - 2007 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Ең алғаш М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!» қойылымындағы Айбар ролін сомдаған. Сонымен қатар, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» Гортензио, Ж.Аймауытовың «Ақбілегінде» Мұсабай, Ә.Кекілбаевың «Абылайханында» Әбілмансұр, Г.Гауптманның, «Ымырттағы махаббат» спектаклінде Э.Кламрот, Ысқақов пен Шахимарденнің «Қазақтарындағы» Қасымхан, Д.Исабековтың «Әпкесінде» Омар, Қ. Аширдың «Қабыл адам Ата перзенті» спектаклінде Абыл бейнелерін сомдады.
  • Ғани Құлжанов «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Өзбекфильм» киностудияларында киноға түсіп, көптеген бейне сомдады. «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» фильмдеріндегі Жохангир, Диас рөльдері көпшілік қауымның көңілінен шықты.
  • Гастрольдік сапармен Иран, Өзбекстан, Ресей елдерінде және Қазақстанның барлық облыстарында болып, өнер көрсеткен.
  • Ғани Құлжанов «Азия дауысы» , «Жас қанат», «Жұлдыздар құттықтайды» т.б.үлкен байқаулар мен мерекелік іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі.

Фильмографиясы

  • 1995-2000 – «Тоғысқан тағдырлар» - Жаһангер/Ғани Ахметов
  • 2001-2003 – «Қара шегіртке» - Диас
  • 2002 – «Ләйләның зары» - эпизод
  • 2005 – «Күндізгі шолғыншы» - Темірланның әскері
  • 2010 – «Жаным» - Нұрлан Әбенов
  • 2012 – «Жас Ұлан» - эпизод
  • 2013 – «Оралу» - эпизод
  • 2013 – «Ұшқыштар» - эпизод
  • 2014 – «Махаббатым жүрегімде» - эпизод
  • 2015 – «Аманат» - профессор Сүлейменов
  • 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Самат
  • 2018 – «Алтыншы пост» - эпизод

Марапаттары

  • 1998 жылы Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» спектакліндегі Құмар ролі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері атанды.
  • 2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
  • 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі берілді.

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Gani Abdoealievitsj Koelzjanov is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Gani Abdoealievitsj Koelzjanov
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes