peoplepill id: dervish-khan
DK
3 views today
3 views this week
The basics

Quick Facts

Gender
Male
Death
The details (from wikipedia)

Biography

Дервиш хан (тат. Дәрвиш хан) – 1417-1419 жылдары билік еткен Алтын Орданың ханы. «Муизз ал-ансабта» Дервиштің ата-тегі былайша көрсетілген: Дарвиш - Тұқрақ - Алты Құртұқ - Тоқтай - Темір Қожа - Тақтақ - Ашық - Ұрынғташ - Тоқа-Темір - Жошы. Ол өзінің ізашары Сайд Ахмадтың және Шөкре оғланның жиені болып табылады. Алайда Г. Е. Грумм-Гржимайло және В. В. Трепавлов оны Шайбандық деп есептейді. Тоқтамыстың Темір қолынан талқандалғанынан кейінгі таққа таласқа қатысқан. Осы таласта Тоқтамыстың ұлдары өзара қырқысқан болатын. 1416 жылы Едігенің қолшоқпары Шөкренің белгісіз жағдайда тақтан кетуінен кейін, таққа Жаппарберді келді. Шөкре Жаппарбердімен таласта қаза болуы мүмкін. Алайда 1417 жылы Жаппарберді тақтан айырылып, Қырымға қашты. Сол жерде өзінің одақтастарының қолынан қаза болады. Таққа Едігенің қолшоқпары Дервиш келді. Едігенің абыройының жоғары болғаны соншалық, оның есімі Дервиш ханның есімімен қатар теңгелерде таңбаланатын болған. 1419 жылы Дервиш ханды Тоқтамыстың кіші ұлдарының бірі Қадырберді өлтіріп, тақты иеленді.

Тағы қараңыз

Шөкре хан

Ордамәлік хан

Қадырберді хан

The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Dervish Khan is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Dervish Khan
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes