peoplepill id: azhar-baeshova
Kazakh scientist
Azhar Baeshova
The basics
Quick Facts
Intro
Kazakh scientist
A.K.A.
Azhar Bayeshova
Places
Work field
Gender
Female
Birth
Age
74 years
The details (from wikipedia)
Biography
Ажар Қоспанқызы Баешова(1951 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Бағанаты ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (2002), профессор (2004). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (1974).
- ҚазМУ-де ғылыми қызметкер, аға оқытушы.
- 1991 – 2002 жылдары Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызметкері, кафедра меңгерушісі, 2003 жылы факультет деканы.
- Алматы қаласындағы МШКО Ұлттық Орталығындағы докторлық диссертациялық кеңесінің мүшесі. Түсті металдар мен халькогендердің электрохимиялық қасиетін және өндірістік айнымалы тоқтың әсерімен жүретін электродтық үрдістерді зерттеп, ультрадисперсті мыс және қорғасын ұнтақтарын алу, айнымалы токпен поляризоциялау кезінде жүру мүмкін болмайтын тотықсыздану, еру, ұнтақтардың, қосылыстардың түзілімін анықтаған.
- «Қиын тотықсызданатын» селенат иондарының тотықсыздандыру тәсілдері, қиын байытылатын тотыққан мыс кендерін сульфидтеу, селенидтерді, түсті металдардың сульфидтерін және хризоколла алу тәсілдері КСРО авторлық куәліктерімен және Қазақстан Республикасы патенттерімен қорғалған.
- Зерттеу нәтижелері химиялық және металлургиялық өндірістердің қалдықтарын өңдеуде және қолданылған ерітінділерді ауыр металл иондарынан тазартуда пайдаланылған.
Дереккөздер
The contents of this page are sourced from Wikipedia article.
The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Azhar Baeshova is in following lists
comments so far.
Comments
Azhar Baeshova