Askar Kulibaev
Quick Facts
Biography
Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1.7.1937 ж.т., Алматы қ.) – техникалық ғылым докторы (2003). ҚР және Халықаралық инж. академиясының акад. (1992), Қазақстанның құрметті инж. (2001). Қазақ мемл. а. ш. институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Қазақ политех. институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инж., басшылық қызметтерде (1961–83) болды. Алматы қалалық атқару к-тінің төрағасы (1983–85),Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия к-тінің 1-хатшысы (1985–90), Республика мемлекеттік құрылыс к-ті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990–93), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993–94 және 1995–97), ҚР Мин. Каб. жанындағы Материалдық қорлар жөніндегі мемлекеттік к-т төрағасы (1994–95), ҚР Энергетика, индустрия және сауда мин-лігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты к-тінің төрағасы (1997–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы – Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті. «Новые ресурсосберегающие технологии модицированных строительных материалов» тақырыбында докт. дисс. қорғады. ҚР Мемл. (2003), ЮНЕСКО-ның Халықар. сыйлықтарының лауреаты. «Отан» (1997), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”