peoplepill id: a-n-nusupbekov
ANN
Kazakhstan
3 views today
10 views this week
A. N. Nusupbekov
historicus

A. N. Nusupbekov

The basics

Quick Facts

Intro
historicus
A.K.A.
Akaĭ Nusupbekovich
Work field
Gender
Male
Place of birth
Almaty Region, Kazakhstan
Death
Age
73 years
The details (from wikipedia)

Biography


Ақай Нүсіпбеков(9.12.1909,Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылы – 28.7.1983, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1961), профессор (1963), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967) Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971).

Оқу жолы

ҚазПИ-ді (1947, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1926—1932 жылы Алматы ауыл шаруашылық техникумын бітірген. 1934–1937 жылдары Мәскеуде Шығыс еңбекшілері университетінде оқыды.

Жұмыс жолы


1932 жылы Алматы ауыл шаруашылық техникумын бітіріп, осы оқу орнының оқытушысы, директоры, Қазақстан КП Алматы облысы коммитетінің сектор меңгерушісі болды (1933–1934).
Қазақстан КП ОК-нің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі (1937–1939), Семейдегі ұжымшар басшыларын даярлайтын республикасының оқу орнының директоры (1939–1941).
Үлы Отан соғысы жылдары И.В. Панфилов дивизиясында батарея комиссары, дивизияның саяси бөлімінің қызметкері болған.
1945 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болды.
1946–1956 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (1953–1956), институт директоры (1956–1982), Қазақстан
Ғылым Академиясының вице-президенті болды (1968–1976).

Ғылыми еңбектер

Оның ғылыми жетекшілігімен ондаған ғалым кандидаттық және докторлық диссертация қорғады. А.Нүсіпбеков Қаз. ССР тарихы саласында 100-ден аса ғылыми еңбек, бірнеше көлемді монография жазды. Нүсіпбековтың ғылыми қызметі Қазақ Кеңес мемлекетінің қүрылуы және нығаюы, қазақ жерлерінің біртүтас мемлекет шеңберінде топтастырылуы, Қазақстан жүмысшы табының қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан еңбекшілерінің Үлы Отан соғысы жылдарында майдандағы ерліктері мен тылдағы қажырлы еңбегі, тарихты бүрмалаушы буржуазияшыларды әшкерелеу сияқты күрделі де маңызды тақырыптарға арналған. Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижелері туралы, қазақ шаруаларының Е.И.Пугачев жетекшілік еткен шаруалар соғысына,Сырым батыр бастаған көтеріліске қатысуы жайында тың пікірлер айтып, ғылыми түжырымдар жасады. А.Нүсіпбеков — екі томдық Қазақ КСР тарихының негізгі авторларының бірі. "Қазақстанда жүмысшы табының қалыптасуы және дамуы" деген еңбегі үшін оған Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық берілді. Мәскеуде өткен Шығыс зерттеушілерінің ХХV-халықаралық конгресінде (1960), Бакуде өткен Шығыс зерттеушілерінің халықаралық конференциясында (1967) т. б. халықаралық және бүкіл одақтық конгрестер мен симпозиумдарда, конференцияларда жасаған баяндамалары шет тілдеріне (ағылшын, араб, француз, испан) аударылып жарияланды. А.Нүсіпбеков 1968 жылы "КСРО- Жапония" мөдени байланыс қоғамының шақыруымен Жапонияда болып, Токионың Басэда университетінде қазақ тарихынан лекция оқыды. Венгрия ҒА-да баяндама жасады. А.Нүсіпбеков аудандық, қалалық және облыстық партия комитеттеріне мүше және Алматы қалалық кеңесінің депутаты болды. Қазақстан КП XIII, ХӀV-съездеріне (1971, 1976) ОК мүшелігіне кандидат болып сайланды.

Марапаттар

  • Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы (1966) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарын (1982) алған
  • Ленин (1976), 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (1969) ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер

  1. "Қазақ энциклопедиясы"


The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
A. N. Nusupbekov is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
A. N. Nusupbekov
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes