Rakhilyam Mashurova

actor
The basics

Quick Facts

Introactor
PlacesKazakhstan Russia
isActor Professor Educator
Work fieldAcademia Film, TV, Stage & Radio
Gender
Female
Birth8 March 1946, Almaty
Age78 years
The details

Biography

Рахилям Абдрахманқызы Машурова (1946 жылы 8 наурызда Алматыда туған) — актриса, өнертану профессоры. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1991). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009).

Толығырақ

  • Рахилям Абдрахманқызы Машурова 1946 жыл 8 наурызда Алматыда дүниеге келген.
  • Ұлты - ұйғыр, Әкесі - Машуров Абрахман (1912-1981), жұмысшы болған. Анасы - Машурова Айша (1912-1990), үй шаруасымен айналысқан.
  • 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік факультетін (КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Хадиша Бөкееваның классын бітірген).
  • қазақ және орыс тілдерін біледі
  • 1968 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Осы жылдан шығармашылық ғұмыры осы қара шаңырақпен тығыз байланысты. Қара шаңырақ сахнасындағы тұсаукесері Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» (реж. Б. Омаров) Айбарша ролі. Содан бері театр сахнасында көптеген рөлднрді самдап келе жатқан дарында артист.
  • Абай атындағы академиялық Опера және балет театрына Онеггердің «Жанна д’Арк» операсындағы Жанна д’ Арк роліне шақырылып, азаттық және отаншылдық идеясымен рухтанған батыр қыздың бейнесін сәтті шығарды.

Еңбек жолы

Сахнадағы негізгі рөлдері

  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: «Ревизор» (Анна Андреевна), «Күйөуіңізді сатыңызшы» (Елена), «Өмірзая» (Ирма), «Ат жылаған түн» (Бригадир), «Құдалар» (Хадиша), «Сағыныш пен елес» (Анар), «Бәкей қыз» (Жамал), «Қара кемпір» (Қали) және басқа спектакльдерде ойнайды. «Қырғызфильм» киностудиясының «Қасқырдың ұлуы» (Гүлімхан); «Өзбекфильм» киностудиясының «Нәзігім» (Айымхан); «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақи оқиға» (Маржан), «Сатай-фильм» киностудиясының «Рэкетир» (Ана) кинофильмдеріне түскен.
  • Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: Ж. Файзи, «Башмақтар»; Ғ. Мүсірепов, «Қыз Жібек»; А.П. Чехов, «ұсыныс»; В.А. Моцарт, «Фигароның тойы»; М. Әуезов, «Еңлік-Кебек»; Ф. Эрве, «Мадемуазель Нитуш»; О. Алексеевич, «Цинковые мальчики»; Е. Брусиловский, «Біржан - Сара»; Ш. Құдайбергенұлы, «Тағдыр» және т.б

Марапаттары

Жеке қасиеттері

  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.Тэтчер.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Демократиялық республика».
  • Хоббиі - кітап оқу.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезовтың, Ш. Айтматовтың прозасы; Фирдоуси, А. Пушкиннің поэзиясы.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 24 Jul 2019. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.