peoplepill id: shakir-abenov
SA
Russia Kazakhstan
1 views today
1 views this week
Shakir Abenov
Soviet writer, poet, bard, folklorist, composer

Shakir Abenov

The basics

Quick Facts

Intro
Soviet writer, poet, bard, folklorist, composer
A.K.A.
Muhammad Shakur
Work field
Gender
Male
Place of birth
Abay District, East Kazakhstan Region, Kazakhstan
Place of death
Abay District, East Kazakhstan Region, Kazakhstan
Age
94 years
Awards
Order of Friendship of Peoples
 
The details (from wikipedia)

Biography

Шәкір Әбенов(азан шақырып қойған аты — Мұхаммедшәкһүр) (01.03.1900, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Құндызды ауылы — 23.10.1994 ж., сонда) — халық ақыны, фольклоршы, сазгер.

Мұсылманша сауат ашқан соң, Семейдегі “приходская школада” 3 жыл оқыған. С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиндермен жақын таныс болған. Сейфуллинге атқосшы болып, ақынмен бірге Қазақстанның көп жерлерін аралаған. Әбеновтың халықтық дастанды жаңаша толғаммен жырлаған“Қозы Көрпеш — Баян сұлу” поэмасы 1937 ж. “Әдебиет және искусство” журналында жарияланған соң ақындық атағы шықты. Сол жылы “халық жауы” атанып, ақыры көрші қырғыз еліне асып кетеді. 1939 ж. Алматыға қайтып оралып, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше ақындардың әдеби мұраларын алғаш қағаз бетіне түсіріп Қазақстан ғылыми-зерттеу ордаларына тапсырды. Маман-зерттеушілер Әбеновтың орындауында ондаған ән-күйді нотаға түсірді. 1940 — 41 ж. Жамбылдың әдеби хатшылық қызметін атқарып жүргенде жалған айыптау негізінде ұсталып, Семей түрмесіне қамалды. Ұлы Отан соғысы басталған соң өз еркімен соғысқа аттанып, Сталинград майданында ауыр жарақат алып, елге қайтып келеді.1945 ж. саяси қуғындау қайта басталып, Әбенов Сібірге, Александров абақтысына айдалды. 1955 ж. түрмеден босап, 1961 ж. толықтай ақталды. Абайдың әдеби мектебінің Кеңес дәуіріндегі белді өкілдерінің бірі ретінде танылған. Әбеновтың тарихи-танымдық тақырыптарды қозғаған “Кейпін батыр” (1939), “Таңшебер — Жапал” (1962), “Ортақ арал” (1968), “Қорқыт қобызы”, “Пәрмен”, “Алданған қыз”, “Патша мен байғыз”, “Ана махаббаты”, “Тоқтамыс батыр” атты дастандарды “Шыңғыстау” (1980), “Шыңғыстау сазы” (1985), “Дастандар” (1991) деп аталатын жыр жинақтарына т.б. басылымдарға енген. Айтыс ақыны ретінде кеңінен танымал оның Т. Әміреновпен айтысы “Айтыс” (3-т., 1968) жинағында жарияланады. “Алтай аруы”, “Сары жұлдыз” т.б. 20-дан астам төл ән-күйлері бар.

Қарт шежіреші, батагөй қария Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ұлттық дәстүрде салтанатты жағдайда халық атынан ақ бата берген (10.12.1991).

Дереккөздер

  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
  2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 22 Aug 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Shakir Abenov is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Shakir Abenov
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes