peoplepill id: ouki-ajiev
OA
Kazakhstan
1 views today
1 views this week
Ouki Ajiev
Kazakh painter

Ouki Ajiev

The basics

Quick Facts

Intro
Kazakh painter
Work field
Gender
Male
Place of birth
Soviet Union
Place of death
Almaty, Kazakhstan
Age
90 years
The details (from wikipedia)

Biography

Үкі Әжиев (23.12.1924 жылы туған, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарабұлақ ауылы - 21.05.2015, Алматы) — қазақ суретшісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1957), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты. Дулат руынан шыққан.

12 жасынан Қазақстан суретшілер одағы жанындағы сурет үйірмесіне қатысады. 1936 жылы Ленинград көркемсурет орта мектебінде А.Г.Сукостьяннан оқыды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қызыл әскер қатарында болды. 1950 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді.

Әжиев республика сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Ол Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінен бірнеше картиналар жазды. Суретшінің "Бұхара", "Самарқан" серияларына енген "Хиуа көшесі", "Шайханада", "Хау 1968 жылы" деген шығармалары ерекше көзге түседі. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнелейді. Туған республика табиғатын танытатын "Асы жайлауы", "Алатау бөктерінде" картиналары шыншылдығымен, нақтылығымен көрінді. Әжиев Портрет жанрында да көп еңбек етті. "М.Әуезовтің портреті", "Студент қыз", "Механизатор" сияқты портреттер суретші талантының жан-жақтылығын танытады.

Дереккөздер

  1. Казправда
  2. Бердалы Оспан. Руға бөліну керек пе?
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  4. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3


The contents of this page are sourced from Wikipedia article on 24 Jun 2020. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Ouki Ajiev is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Reference sources
References
Ouki Ajiev
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes