Ibragim Daoetovitsj Zjangoerazov
Quick Facts
Biography
Жанғоразов ИбрагимДәуітұлы (қарашай-малқарша Жангоразланы Даудну жашы Ибрагим; 19.07.1937 — 15.01.2020) — ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы, Соцалистік Еңбек Ері (1981). Кабардин-Балқар мемлекеттік университетін бітірген (Нальчик, 1979).
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1957 ж. Ақмола малдәрігерлік техникумын бітіргеннен кейін , Инжевский кеңшарында бастады. 1957-59 ж. Инжевский кеңшарының негізінде құрылған Вишневский құс өсіру өндірістік бірлестігінің зоотехнигі, 1959-61 ж. бөлімше меңгерушісі, 1961-67 ж. бас зоотехнигі, 1967 ж. бас директоры. Жанғоразовтың басшылығымен шұаруашылықта, өндірістік негізде тұқым өсірудің тиімді тәсілдерін қолдана отырып, балапан-бройлерлер өсірудіңалдыңғы қатарлы технологиясы жүзеге асырылды. Өндірістің барлық салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. ҚазКСР халық депутаты (1990). «Есіл жағалауындағы бройлер цехы» (1980), «Инжевский ертеңге көз тігеді» (М.,1984) кітаптарының авторы. Қазақстан Республикасы орденімен, КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ Астана энциклопедиясы, Алматы, Атамұра 2008