Zhanat Ermanov
Quick Facts
Biography
Ерманов Жанат Рахметоллаұлы -1965 жылы 28 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Александровское ауылында туған. Қазақ.
Әкесі - Ерманов Рахметолла Мекебайұлы, Баянауыл аудандық халыққа білім беру бөлімінде кадрлар бөлімінің бастығы. Анасы - Сейсенова Нарзангүл Дүйсенқызы, зейнеткер, хатшы-машинист болып жұмыс істеген.
Өскемен музыкалық училищесін кларнет классы бойынша (1984); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1991) концерттік орындаушы, педагог, камералық ансамбль әртісі, оркестр әртісі мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1993); В.А. Моцарт атындағы Еуропалық музыка академиясын (1997) камералық ансамбль әртісі, жеке орындаушы мамандығы бойынша; Халықаралық музыка академиясын (Ницца, 2000) камералық ансамбль әртісі, жеке орындаушы мамандығы бойынша; Халықаралық музыка академиясын (Прадо, 2001); Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын (2002) опералық-симфониялық дирижерлік ету мамандығы бойынша бітірген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті (2006 жылдан).
«Жаңа музыкалық газетте» жарияланған «Маусым ашуы» (1997), «Тайваньдағы халықаралық байқауда» (1998) мақалаларының авторы.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
1989-1997 жылдары - ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің әртісі. 1990-2001 жылдары - ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің концертмейстері.
1993 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кларнет классы бойынша оқытушысы. 2004 жылдан бері - Ағаштан жасалған үрмелі аспаптар Мемлекеттік квинтетінің көркемдік жетекшісі.
«ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Республикалық жас орындаушылар конкурсының 1-ші сыйлығының (1983), Орта Азия республикалары аймақаралық конкурсының 3-ші сыйлығының (1990), Халықаралық конкурстың 1-ші сыйлығының (1994) лауреаты. Мәдениет қайраткері (2004).
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2009).
Әскери атағы - аға прапорщик.
Діни көзқарасы - ислам.
Хоббиі - спорт, шахмат ойыны, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
Үйленген. Жұбайы - Нұржанова Гүлнәр Өмірзаққызы (1964 ж.т.), аудармашы. Қызы - Ерман Әдина Жанатқызы (1989 ж.т.); ұлы - Ерманов Дәулет Жанатұлы (1990 ж.т.).
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2