Zhanat Elshibekov
Quick Facts
Biography
Елшібеков Жанат Орынбайұлы (1947 жыл 10 мамыр Алматы облысы Қаратал ауданы Қызылбалық ауылы) — жазушы, журналист.
- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1993).
- 1969 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген.
- Еңбек жолын "Лениншіл жас" (қаз. "Жас Алаш") газетіңде бастады.
- 1978 жылдан "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет істейді.
- Елшібеков Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 3 мәрте лауреаты.
- Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған, «Астанаға — 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Толығырақ
Қазақстан Журналистер одағының (1972) мүшесі. Әдеби псевдонимі – Ж.Балқашұлы.1965 жылы Көпбірлік ауылындағы орта мектепті (11 класс) күміс медальмен бітіреді. Сол жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогтық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1969 жылы аяқтайды. Соңғы курста оқып жүрген кезінде республикалық жастар газеті “Лениншіл жасқа” (қазіргі “Жас Алаш”) қызметке орналасады. Әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып он жылға жуық журналистік көріктің ыстық-суығынан өтеді. Ал 1978 жылдың сәуір айынан Ұлттық қоғамдық-саяси газет “Егемен Қазақстанда” (бұрынғы “Социалистік Қазақстан”) қызметте болды. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағында Көркемдеу және газет безендіру, Жаңалық, спорт және туризм, Экономика бөлімдерін басқарады, редакциялық алқаның мүшесі болды. 1991 жылы редакцияның жауапты хатшысы болып тағайындалды. Осы лауазымды ол 2012 жылдың маусым айына дейін жемісті атқарды.
Жанат Елшібек Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының үш мәрте лауреаты. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты. Оннан астам публицистикалық, танымдық-деректі, көркем-әдеби кітаптарының иесі. “Қош бол, теңіз...” повесі республикалық “Жалын” баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінде жүлде алған. “Білім және еңбек” (“Зерде”) журналының лауреаты (1978).
Қараталдың бойында, Балқаш көлінің жағасында туып-өскендіктен болар, оның бүкіл шығармаларының алтын тіні – теңіз тынысы, балықшылар өмірі. Сондай-ақ, Жанат Елшібек қазақ баспасөзінде танымдық туындылар жанрының көкжиегін кеңейтуге елеуліүлес қосып келе жатқан қаламгер. Республикада шығатын газет-журналдар мен түрлі басылымдарда жарияланған оның танымдық дүниелерінің ұзын саны екі мыңнан асады. Ол Қазақстандағы тұңғыш алып сөзжұмбақ (“Білім және еңбек” журналы, №8, 1984 ж.) пен ең алғашқы алып сканвордтың (“Егемен Қазақстан” газеті, маусым, 2000 ж.) авторы.
Өнер өкілдері, қаламдас ақын-жазушылардың шығармашылық әлемі хақында да үзбей қалам тербеп жүр. Оның көркем очерктері, эсселері, көкейкесті мәселелерді қозғаған толғаныстарыеліміз баспаларынан жарық көрген жетпісіне жуық жинақтарға енген. Өзі де онға тарта кітаптар құрастырып шығарды.Ол 2010 жылдың 3-25 қараша аралығында Сауд Арабиясында болып, мұсылмандық парызын өтеді. Осы қажылық сапарының ісері туралы «Әлем көз тіккен Мекке» сафари-хикаятын жазды – («Жұлдыз» журналы, №№10-11.2011 ж.).
Жанат Елшібек өзі туып-өскен "Алматы облысының" және “Қаратал ауданының құрметті азаматы”, "Қазақстанның құрметті журналиі", "ҚР Мәдениет қайраткері", Кемел Тоқаев атындағы журналистік сыйлықтың иегері.
Сондай-ақ, ол "Құрмет" орденімен, Тәуелсіздік және Астанаға — 10 жыл мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Баспасөз министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
РЕСПУБЛИКА БАСПАЛАРЫНАН ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАПТАРЫ:
- “Жауқазын”, деректі повесть. “Қайнар” баспасы, 1976 ж.
- “Студенттік меридиандар”, очерктер. “Мектеп”, 1978 ж.
- “Сен білесің бе?” Үйрен. Ізден. Ойлан. Танымдық туындылар. “Жалын”, 1981 ж. Алматы.
- “Алтын ұя”, репортаждар, очерктер. “Мектеп”, 1983 ж.
- “Атамекен”, фотоәңгімелер. “Жалын”, 1984 ж.
- “Қарлығаш”, әңгіме. Суретті кітапша. “Жалын”, 1989 ж.
- “Жоғалған теңіз”, повестер мен әңгімелер. “Жалын”, 1991 ж.
- “Зерек”. Танымдық ойындар әлемінде. “Өнер”, 1991 ж.
- “Шағалалар жылай ма, осы?!.” Көсемсөз, ой-толғақ, эссе, деректі әңгіме. “Қайнар”, 1996 ж. Алматы.
- “Қош бол, теңіз…” Повестер мен әңгімелер. “Елорда”, 2001 ж. Астана.
- “Таным”. Адам айтса сенгісіз ғажайыптар мен қайран қалдырар қилы-қилы қызықтар. “Елорда”, 2004 ж.
- “Шығармалар жинағының бес томдығы”. “Елорда”, 2007 ж. Астана.
- “Уақыт-сынап”. Деректі әңгімелер, әдеби портреттер мен эсселер. “Қайнар”, 2008 ж. Алматы.
- "Тағдыр желі". Повестер мен әңгімелер. "Атамұра", 2011 ж.Алматы.
- “Сырлы әлем“. Әдеби портреттер,эсселер және мөлтек әңгімелер. "Ана тілі", 2012 ж.
ҚҰРАСТЫРҒАН КІТАПТАРЫ:
- “Алтын діңгек”. Очерктер. “Қазақстан”, 1983 ж. Алматы.
- “Жастықтың жанартаулары”. Публицистикалар, очерктер. “Жалын”, 1983 ж. Алматы.
- “Тың планетасы”. Деректі әңгімелер мен очерктер. “Жалын”, 1984 ж.
- “Жан сұлулығы”. Очерктер. “Мектеп”,1987 ж.
- “Арыңды жасыңнан сақта”, Мақалалар, әңгімелер, очерктер. “Жалын”, 1989 ж.
- “Ауылдың айтқыштары”. Әзіл әңгімелер (бірінші кітапша), “Өнер”, 1994 ж.
- “Ауылдың айтқыштары”. Әзіл әңгімелер (екінші кітапша). “Өнер”, 1995 ж.
- “Мың бір қызық”. Түрлі басылымдардан аударылған ғажайыптар, оқиғалар. “Өнер”, 1995 ж.
- “Елбасы”. Қазақстанның тұңғыш Президенті туралы. (Ж.Дәуренбековпен бірге құрастырған). “Ана тілі”, 1996 ж. Алматы.
ШЫҒАРМАЛАРЫ, ЖАРИЯЛАНҒАН ЖИНАҚТАР:
- Әне, сұлу Сыр. “Алтынтау” жинағы. “Жалын”, 1977 ж.
- Адамдар мен шағалалар. “Серт”. “Жалын”, 1977 ж.
- Кербез Көкше. “Жер жаннаты”. “Қайнар”, 1978 ж.
- Маң далада жайқалған жасыл желек. “Жер жаннаты”. “Қайнар”, 1978 ж.
- Самғау. “Тың тұлғасы”. “Жалын”, 1979 ж.
- Жезқазған жұлдыздары. “Ізбасарлар”. “Қайнар”, 1979 ж.
- Маңдай тер. “Алтын масақ”. “Қайнар”, 1980 ж.
- Қауырсын қанат. “Жастықтың жанартаулары”. “Жалын”, 1983 ж.
- Ауырсам да көңілім шат. Танымдық ой-жұмбақтар. “Жалын”, 1983 ж.
- Ертіс бойындағы трактор алыбы. “Тың планетасы”. “Жалын”, 1984 ж.
- Алтын тұғыр. “Жастықтың жанартаулары”. “Жалын”, 1985 ж.
- Наташаның арманы. “Қазақстан спорт жұл¬дыз¬да¬ры”. “Жалын”, 1985 ж.
- Алғашқы хат. “Жыл он екі ай”. “Жалын”, 1986 ж.
- Танымдық туындылар. “Шопан серігі”. “Қайнар”, 1986 ж.
- Қанатың талмасын, “Балдырған”. “Жан сұлулығы”. “Мектеп”, 1987 ж.
- Балқаш сабағы. “Аралым – арым, Балқашым – бағым”. “Қайнар”, 1988 ж.
- Көңілге түскен көлеңке. “Арыңды жасыңнан сақта”. “Жалын”, 1989 ж.
- Политрук Василий Клочков. “Жалындап өткен жас ғұмыр”. “Рауан”, 1991 ж.
- Алып сөзжұмбақ – “Жұмыр жер”. “Білім және еңбек” № 8, 1984 ж.
- Қазақ календары. Танымдық туындылар. 1975-1990 ж.ж.
- Сыры мол бояулар. “Қазақстан өнері”. “Өнер”, 1990 ж.
- “…деген екен!”. “Өнер”, 1992 ж.
- “…деген екен!”. “Өнер”, 1994 ж.
- Ауылдың айтқыштары. Бірінші кітапша. “Өнер”, 1993 ж.
- Ауылдың айтқыштары. Екінші кітапша. “Өнер”, 1994 ж.
- Сиқырлы сөзден сарай салған. “Егеулі найза”. “Ер- Дәулет”, 1995 ж.
- Туған жер әуендері. “Ән тербетіп, жыр жағалап келемін…”. “Дәуір”, 1999 ж.
- Жаз жаңғырықтары. Повестен үзінді. “Қазақстан пионері”, №100-101, 1978 ж.
- Қош бол, теңіз… Повесть. “Жерұйық”, Талдықорған облыстық газеті. Он нөмірде, 11-28 маусым, 1991 ж.
- Қырық жылдан соң. “Жансерік”, “Жалын”, 1981 ж.
- “ТОМ” – Танымдық ойындар мектебі. “Ұлан”, 1980-1981 ж.ж.
- Жаңа жыл, ақша қар және қызылізшілер. Повестен үзінді. “Қазақстан пионері” (“Ұлан”). Он нөмірде, 2-26 қаңтар, 1989 ж.
- “Зерек” – Білмекке құштарлар клубы. “БжЕ” – “Зерде”, 1987-1989 ж.ж.
- “Таным” – Ойшылдар беті. “Егемен Қазақстан”, 2000-2005 ж.ж.
- “Қарлығашым, келдің бе?..”. Повестен үзінді. “Ақ желкен” журналы, №4, №5, №6, 1997 ж.
- “Жетім жұрт”. Повестен үзінді. “Ақ желкен”. №10, №11, №12, 2001 ж.
- Ескерткіш белгі. “Ақылмен хан, төрені бағындырған”. Алматы, 2003 ж.
- “Ов”, “ев” қамытынан қалай құтылған едік? “Жәдігер”. Астана, 2004 ж.
- “Уақыт – сынап”. Алақандай әңгімелер. “Қазақ әдебиеті”. №41, 42, 43-44, 46, 47, 48 – 2004 ж. №1, №2 – 2005 ж.
- “Ой үстінде сорғалайды көз жасың…”. Қойын дәптердегі жазбалар. “Жұлдыз” журналы, №7, №8, №9, 2006 ж.
- Өнер қонып, жыр дарыған. “Қаратал – күндіз күміс, түнде алтын”, Алматы, 1999 ж.
- Өмір-дерек. “Жетісу” энциклопедиясы, “Арыс” баспасы. Алматы, 2004 ж.
- Мерей. “Қара шаңырақ”. “Елорда” баспасы, Астана, 2004 ж.
- Өмір-дерек. “Қазақстан жазушылары. XX ғасыр”, Энциклопедия, “Ана тілі” баспасы. Алматы, 2005 ж.
- Баспасөз және тіл тазалығы. “Қазақ баспасөзі жаһандану дәуірінде”. Астана, 2005 ж.
- Ойға шомдырған шығармалар. “Ақ қоянның үйшігі”, “Ғалам” баспасы. Астана, 2006 ж.
- Жетім жұрт (повестен үзінді). “Ақиық азамат”, Үштөбе қаласы, 2007 ж.
- Самғау. “Маздақ”. Алматы, 2007 ж.
- Алдаспан. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” – 2006”, Астана, 2007 ж.
- Жаны нұрлы Жанат. “Дариға-дәурен”, “Арыс”, 2007 ж.
- Тағдыр желі. Әңгіме. “Таң-Шолпан” журналы, №5, 2007 ж.
- Құстар. Құстар. Құстар... Таңсық тақырыпты ақын-жүрек қара сөзбен жырлайды. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” – 2007”, Астана, 2008 ж.
- Істің адамы. “Жақсылардың парызы”, “Арда” баспасы. Алматы, 2008 ж.
- Алтын бесік. “Қасиетті Қаратал”, “Дәуір” баспасы. Алматы, 2008 ж.
- Өнердің өрге жүзген саңлақтары. “Дүние-керуен”, “Офсет” баспасы. Талдықорған, 2008 ж.
- Балалар бағының бағбандары. Антология-анықтамалық. “Балалар әдебиеті” баспасы, Алматы, 2008 ж.
- Өмір-дерек. “Қазақ әдебиеті”, Энциклопедиялық анықтамалық. “Аруна” баспасы. Алматы, 2005 ж.
- Жақсылық үшін жаралған. “Нар тұлға”. Алматы, 2007 ж.
- Құштар қалам қуаты. “Қайсар Әлім: Шығармалар жинағы, 8-том. “Фолиант” баспасы, Астана, 2007 ж.
- Елтінжал. “Дала-бесік”. “Фолиант” баспасы. Астана, 2009 ж.
- Шырағы бар жүрегінде, Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған... “Балуаннан басталған жол”. “Фолиант” баспасы. Астана, 2009 ж.
- Алуан қырлы асыл аға. Эссе-штрихтар. “Журналист”. Астана, 2009 ж.
- Қаламгерлер әлемі. Алақандай әңгімелер. “Көкшетау” журналы, № 2, 2009 ж.
- Өшпес бейне. “Шамшырақтар”, “Қазақпарат” корпорациясы. Алматы, 2009 ж.
- Менің Қазақстаным. Эссе-жыр. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” – 2008. Астана, 2009 ж.
- Қаламмен жазғанды қанжармен өшіре алмайсың. “Жансерік”, Астана, 2009 ж.
- Өмір-дерек. “Қазақстан жазушылары”. Энциклопедия. “Ан-Арыс” баспасы. Алматы, 2009 ж.
- Балықтың қылтаны. Хикаят. "Жұлдыз" журналы. №10. 2009 ж.
- Сұңғыла.Эссе-хикаят "Алтын тамыр" журналы. №6.2009 ж.
- Сергек көңіл сезімдері. "Қолтаңба". "Сардар" баспа үйі.2009 ж.
- Шырағы бар жүрегінде. "Мағжан" журналы.№2.2009 ж.
- Құдіретті қазына."Етжеңді» «Егемен Қазақстан"— 2010". Астана, 2011 ж.
- Әлем көз тіккен Мекке.Сафари-хикаят. "Жұлдыз" журналы, №10-11, 2011 ж.
- Парыз бен қарыз салмағы. "Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы, "Арыс", Алматы—2011ж.
- Теңізден тыныс алған қаламгер."Құс жолы", Алматы,2011 ж.
Дереккөздер
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл