Yusuf Kadir Han
Quick Facts
Biography
Жүсіп Қадырхан ибн Бұғра хан (туған жылы белгісіз – 1032) – Қарахандар әулеті мемлекетінің билеушісі (1026 – 32). Әкесі Шах-Махмұд Харун Бұғра хан (946 – 992) өлгеннен соң (Әулие Ата), әуелі Қалиғарда, кейін Жаркентте билік жүргізіп, өз атынан ақша соқтырып отырған. Өзінің иелігіне шығыста Хотанды қосып алып, мұсылмандықты енгізеді. Жүсіп Қадырхан 1026 жылы Қарахандар әулеті мемлекетінің жоғарғы билігін үлкен ағасы Хасан ибн Бұғра ханның ұлы Әли тегінмен болған талас-тартыста жеңіп алды. Одан кейін Жүсіп Қадырхан өз билігін Мауераннахрда жүргізу үшін Әли тегінмен және оның жақтастарымен күреседі. Нәтижесінде өз иелігін батыста Ахсикет қаласы (Сырдарияның оң жағасында), ал шығыста Ферғана жазығына дейін кеңейтті. Кейбір деректерге қарағанда Жүсіп Қадырхан 1032 жылы қайтыс болған.
Тағы қараңыз
- Қарахан мемлекеті
- Әулие Ата
- Жаркент
- Мауераннахр
- Ферғана
- Сырдария
Дереккөздер
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9