Yury Kovalyov
Quick Facts
Biography
Ковалев Юрий Павлович (13.9.1906, Ресей, Санкт-Петербург – 12.4.1972, сонда) –биші, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1946). Ленинград хореографиялық училищесінде (қазіргі Санкт-Петербург орыс балет академиясы) оқыды. 1925 жылдан Санкт-Петербург, Харьков, Свердловск театрларында балет бишісі қызметін атқарды. 1936 жылдан Қазақ опера және балет театрының балетмейстері және бишісі болды. Оның репертуарында Айдар (И.Н. Надиров, “Көктем”), Альберт (А.Адан, “Жизель”), Зигфид, Дезире (П.И. Чайковский, “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы ару”), Командор (А.А. Крейн, “Лауренсия”), Вацлав (Б.В. Асафьев, “Бақшасарай фонтаны”), Базиль (Л.Ю. Минкус, “Дон Кихот”), т.б. партиялар болды. Ковалев балетмейстер ретіндеЛ.Б. Степановтың “Жоңғар қақпасын” (1956), Л.Делибтің “Коппелия” (1937, 1944), Чайковскийдің “Аққу көлі” (1940) мен “Ұйқыдағы ару” (1954), Асафьевтің “Бақшасарай фонтаны” (1943), Минкустың “Дон Кихот” (1945), Р.М. Глиэрдің “Мыс салт атты” (1955) балеттерін, сондай-ақ, “Қыз Жібек” (2-редакциясы), “Біржан – Сара”, “Амангелді”, “Бекет” операларындағы билерді қойды. Ковалев қазақ балет өнерінің дамуына, ұлттық кадрлардың кәсіби дәрежесін көтеруге елеулі үлес қосты.
Дереккөздер
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8