peoplepill id: yerkebulan-myrzabek
YM
Kazakhstan
1 views today
1 views this week
Yerkebulan Myrzabek
Kazakh actor, screenwriter, TV presenter, producer and showman

Yerkebulan Myrzabek

The basics

Quick Facts

Intro
Kazakh actor, screenwriter, TV presenter, producer and showman
Gender
Male
Place of birth
Turkistan, Turkistan Region, Kazakh Soviet Socialist Republic, Kazakhstan
Age
38 years
The details (from wikipedia)

Biography

Еркебұлан Ролланұлы Мырзабек — қазақстандық актер, сценарийші, тележүргізуші, продюсер және шоумен. Көптеген қазақстандық телехикаялардың сценарий авторы («Бәсеке», «Өз үйім», «Абысындар» и др.), Көңілді тапқырлар алаңының (КТА) белсенді қатысушысы («Спарта» командасының құрамында КТА Жоғары лигасының жеңімпазы), «Вузеры» комедиялық телехикаясындағы рөлімен танымал. Қазақстандық телевизиядағы бірқатар танымал бағдарламалардың («Мәссаған», «Ду қол Шоколад!») жүргізушісі болды, қазіргі таңда Марат Оралғазинмен бірге «Қызық LIVE» бағдарламасын жүргізеді (бұрынғы «Қызық Times»).

Өмірбаяны

Еркебұлан Мырзабек 1986 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақ КСР-ның Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында дүниеге келді. 2004—2008 жылдары Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ) оқыды. 2008—2010 жылдары оқуын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жалғастырды.

КТА

Жоғары оқу орнында оқып жүрген кездері және одан кейінгі жылдары КТА-ның белсенді қатысушысы болды. 2008 жылы өзі капитан болған «Жарайсыңдар жігіттер» командасының құрамында «Жайдарман» Жоғары лигасының жеңімпазы атанды. 2009 жылы ҚМЭБИ құрама командасының құрамында КТА Еуразиялық лигасында жеңді, 2010 жылы КТА Ашық лигасының жеңімпазы атанды, 2011 жылы КТА Жоғары Қазақстандық лигасында бірінші орынды иеленді. 2015 жылы «Спарта» командасының құрамында «Голосящий КиВиН» фестивалінде «Ақшыл Үлкен КиВиН»-нің иегері атанды, 2017 жылы сол команданың құрамында «Алтын жалатылған Үлкен КиВиН»-ді алды. Сол жылы Еркебұлан Мырзабек «Спарта»-ның құрамында КТА Халықаралық одағы Жоғары лигасының жеңімпазы атанды.

Кинематограф

Еркебұлан Мырзабек Марат Оралғазинмен бірге НТК телеарнасында көрсетілген «Вузеры» телехикаясының сценарийін жазып, сондағы рөлдердің бірін сомдады. Оралғазинмен бірге «Бәсеке» телехикаясының сценарийін жазды. «Ауылдастар» (2—4 маусымы), «Абысындар», «Кенже», «Өз үйім» (1—2 маусымы) и «Диназаур» (1—2 маусымы) телехикаяларының түсірілімі кезінде авторлық группаларды басқарумен айналысты. 2021 жылы режиссер Ален Ниязбековтың «Без крыши» филмінде түсті.

Телевизия

Еркебұлан Мырзабектің телевизиядағы мансабы 2009 жылы басталды. Сол жылы ол Әділет Жұмабек және Марат Оралғазинмен бірге КТК арнасындағы «Мәссаған» бағдарламасының сценарийін жазып, жүргізушісі атанды. 2012—2013 жылдары «Еуразия» арнасындағы «Ду қол Шоколад!» бағдарламасын жүргізіп, сценарийін жазды. 2014—2019 жылдары «Хабар» телеарнасындағы «Қызық Times» ойын-сауық бағдарламасының сценарийін жазып, жіргізушісі болды. 2019 жылдан бері Еркебұлан Мырзабек Марат Оралғазинмен бірге жүргізетін бұл шоу «Еуразия» арнасында және YouTube желісінде шығады.

Дереккөздер

Сілтемелер

  
  Сурет, видео және аудио
  
  Сурет, видео және аудио
The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Yerkebulan Myrzabek is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Credits
References and sources
Yerkebulan Myrzabek
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes