peoplepill id: wladyslaw-kotwicz
WK
Lithuania
1 views today
1 views this week
The basics

Quick Facts

Places
Gender
Male
Place of birth
Vilna Governorate, Russian Empire
Place of death
Lithuania
Age
72 years
The details (from wikipedia)

Biography

Котвич Владислав Людвигович (20.3.1872, Виленщинадағы Оссовье ауылы – 3.10. 1944, Литва, Вильнюс маңы, Чарный Боже ауылы.) – поляк шығыстанушысы, КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1923), Поляк Ғылым Академиясының академигі, профессор (1923). Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірген соң (1895), сонда моңғол, қалмақ және тұңғыс-маньчжур тілдерінен сабақ бере жүріп, Ресей империясының Қаржы министрлігінде өз мамандығы бойынша қызмет істеді (1900–17). Ол Тірі шығыс тілдері интитутын ұйымдастырушылардың бірі және оның алғашқы директоры (1920–22) болды. 1922 ж. Краков және Львов университеттері оны Қиыр Шығыс факультетінің меңгерушілігіне шақырды. Львов университетінің шақыруын қабылдап, Котвич 1923 ж. Польшаға кетті. Поляк шығыстану қоғамының төрағасы болды (1922–36). Котвич алтай тілдерін тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеуге көп көңіл бөлді. Бұл саладағы басты еңбегі “Алтай тілдері туралы зерттеулер” деген атпен 1953 ж. Краковта (Польша), ал 1962 ж. Мәскеуде (Ресей) орыс тілінде басылып шықты. Котвич алтай тілдері туралы материалдарды жинақтай келе, бұрын-соңды айтылып жүрген қағидалар негізінде ғылми тұжырымдар жасады. Ол алтай тілдерінің арасындағы өзара жақындық, типологиялық ұқсастық сыртқы тарихи байланыс нәтижесінде пайда болған деп есептеді.

Дереккөздер



The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Władysław Kotwicz is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Władysław Kotwicz
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes