Vyacheslav Abramov
Quick Facts
Biography
Вячеслав Абрамов – журналист..
2004 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы халықаралық журналист. Бұл салада 1995 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Ретро», «Қазақ радиосы», «Хабар» радиостанцияларында жүргізуші, «Таң» телеарнасының ақпараттық қызметінде тілші, Kazakhstan today ақпарат агенттігінде редактор, арнайы тілші, парламент тілшісі, жарыққа шығарушы редактор, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығының директоры қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар журналистің үкіметтік емес ұйымдарда жинақтаған тәжірбиесі мол. 2006 жылдың тамыз айынан бастап MediaNet халықаралық журналистика орталығының атқарушы директоры болған. 2007 жылдан бері – Интернеттегі ақпараттық-сараптамалық Voice of Freedom Central Asia (Орталық Азиядағы азаттық дауысы) құқық қорғау порталының шеф-редакторы.
Сыртқы сілтемелер
www.vof.kg
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» Алматы, 2008 жыл. ISBN 9965-9860-7-X