Tlektes Isabaevitsj Espolov
Quick Facts
Biography
Тілектес Исабайұлы Есполов (15 мамыр, 1952 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында туған) — ғалым. Экономика ғылымдарыың докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры. Қордай ауданыныңҚұрметті азаматы.
Толығырақ
- Тілектес Исабайұлы 1952 жылы 15мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында дүниеге келген.
- 1975 жылыҚазақ аграрлық иниститутын бітірген (мамандығы: Инженер-механик).
Еңбек жолы
- 1975 -1978 жылдары Қазақ ауылшаруашылық институтының Комсомол комитетінің хатшысының көмекшісі;
- 1978 – 1981 жылдары Гидротехникалық және мелиорация институты кәсіподақ комитетінің төрағасы;
- 1982 – 1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылық институтының доценті, Зертханасының аға оқытушысы;
- 1993 – 1995 жылдары Алматы индустриалды колледжі директоры;
- 1995 – 1997 жылдары Алматы индустриалды колледжі директоры;
- 1997 – 2001 жылдары Алматы индустриялық-педагогикалық академиясының ректоры;
- 2001 жылдан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры.
Еңбектері
«Проблемы оценки и управления воспроизводством ресурсного потенциала аридной территории Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты табиғи су-жер ресурстарын толық және ұтымды пайдаланудың негізінде еліміздің агроөндірістік кешенінің экология-экономика тиімділігін арттыру болып табылады. Тілектес Исабайұлы Есполов 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Жамбыл облысы Қордай ауданының құрметті азаматы (2005). «Парасат» орденімен (2005) марапатталған.
Ғылыми атақтары
- Техника ғылымдарының кандидаты;
- 1997 жылы Экономика ғылымдарының докторы
- профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
- 2008 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі.
- 2002 жылдан Қазақстан мен IHEAS жоғары мектебінің академигі;
- 2004 жылдан Қазақстан Республикасының ақпараттық агенттігінің академигі;
- ТМД және Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының «Құрметті профессоры».
Мемлекеттік марапаттары
- 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы;
- 1998 жылы «Қазақстанның Білім беру ісінің Үздік қызыметкері» атағы;
- 2002 жылы«Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері» құрметті атағы;
- 2005 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталды.
- 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына10 жыл» медалі;
- 2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт қайраткері» құрметті атағы;
- 2006 жылы «Ы.Алтынсарин» атындағы құрметті белгісі;
- 2007 жылы «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі»;
- 2007 жылы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының үздік ректоры (атағы);
- 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
- 2006 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі«Достық ордені» мен марапатталды.
- 2010 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі«Барысордені»мен марапатталды.
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
- 2013 жылы «Қазақстан Даңқы» Ордені;
- 2014 жылы «Қазақстан маслихатына 20 жыл» медалі;
- 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;
- ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасының иегері.
- «Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері.
- А.Байтұрсынұлының күміс медалі;
- «Нұр отан» партиясының 10 жылдығы (медалі);
- «КСРО өнертапқышы» құрметті атағының иегері.
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9