Talgat Askarovich Kulibayev
Quick Facts
Biography
Кұлыбаев Талғат Асқарұлы (11.7.1960 ж.т., Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би а.) – генерал-майор (2000), заң. ғылым докторы (2004). КСРО ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін (1981) және КСРО ІІМ-нің академиясын (1988) бітірген. Алматы қ-лық атқару к-тінде инспектор (1981–82), бөлім бастығы және Алматы қ-ндағы Фрунзе (қазіргі Медеу) ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, бөлім бастығы (1982–91), Фрунзе ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы (1992–95), ҚР Мемл. тергеу к-тінің Бас басқармасы бастығының орынбасары (1995–97), Алматы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (1997–99) және бастығы (1999–2000), Жамбыл облысы. Ішкі істер басқармасының бастығы (2000–05) болып жұмыс істеді. 2005 жылдан ҚР Оңтүстік-шығыс көлік ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарады. «Роль криминалистических категорий при расследовании преступлений» деген тақырыпта доктор диссертация қорғады.
Дереккөздер
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”