peoplepill id: sholpan-zhandarbekova
SZ
Kazakhstan Russia
2 views today
2 views this week
Sholpan Zhandarbekova
Soviet actor (1922-2005)

Sholpan Zhandarbekova

The basics

Quick Facts

Intro
Soviet actor (1922-2005)
A.K.A.
Sholpan Dzhandarbekova
Gender
Female
Place of death
Almaty
Age
83 years
The details (from wikipedia)

Biography

Шолпан Исабекқызы Жандарбекова (1 қаңтар 1922, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 14 қыркүйек 2005 Алматы) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1959; 1945 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі), КСРО халық артисі (1982).

Өмірбаяны

  • Алматы театр-көркемсурет училищесін бітірген (1942).
  • Оқып жүрген кезінен Қазақ драма театрына қабылданып (1941), сахнаға шыға бастады. Алғаш ойнаған рөлі — М.Әуезовтің “Сын сағатта” спектакліндегі Рәш қыз. Жандарбекова отандық драматургтер пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді орындап, мүсінді, сымбатты, ажарлы арулар галереясын жасады. Бұлардың ішінде Әуезовтің “Еңлік — Кебегіндегі” Еңлік, “Қара қыпшақ Қобыландыдағы” Құртқа, “Абай” трагедиясындағы Тоғжан, “Айман — Шолпандағы” Шолпан, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Абай әні” кинофильміндегі Мағыш бейнелері бар. Ғ.Мүсірепов пьесалары қойылымындағы — Ақтоқты (“Ақан сері — Ақтоқтыда”), Баян (“Қозы Көрпеш — Баян сұлуда”), Ш.Хұсайыновтың “Алдаркөсесіндегі” Қарашаш, “Қилы-қилы тағдырларындағы” Рәуәш, т.б. бейнелердің ішкі иірімдері мен көңіл күй толғаныстарын нәзік те терең ашқан шеберлігімен Жандарбекова сахна өнері тарихында қалды. Әсіресе, Ақтоқты бейнесін қайталанбас бірегейлікпен мүсіндеді. Ол Салқия (Ә. Әбішевтің “Күншілдігінде”), Марфуға, Ева Бройер (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Құдағи келіпті” және “Жат елдесінде”), Үрия (Ә.Тәжібаевтың “Той болардасында”), Фатима ханым, Жаңыл (Т.Ахтановтың “Анты” мен “Боранында”), Алмагүл (Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ажар (С.Жүнісовтің “Ажар мен ажалында”; Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980), Жамал (“Қ.Мұқашевтың “Парторгінде”), т.б. рөлдерді ойнап, өз замандастарының сан қилы кескін-келбетін ашты. Оның Марианна (Ж.Б. Мольердің “Сараңында”), Дездемона (У.Шекспирдің “Отеллосында”), Шырын (Н.Хикметтің “Фархад — Шырынында”), Негина және Кручинина (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушылары” және “Жазықсыз жазалыларында”), Параська (Я.А. Галанның “Таң алдындағы махаббатында”), Кей (М.Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), т.б. бір топ рөлдері — отандық сахнагерлердің классик. шығармаларды меңгеруінің үлгісі іспетті.
  • 1945 жылдан киноға түскен: Мағыш (“Абай әнінде”), Баян (“Махаббат дастанында”), Зияда (“Дала қызында”, 1954), т.б. рөлдерді орындады.
  • 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
  • 1968 жылдан пед. қызметпен (әуелі Алматы мемл. өнер инcтитутында
  • 1978 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында;
  • 1983 жылдан профессор) шұғылданады.

Фильмографиясы

  • 1945 -Абай әндері - Мағиш
  • 1954 -Дала қызы - Зияда
  • 1954 -Махаббат туралы аңыз - Баян-сұлу
  • 1962 -Жол түйісі - эпизод

Марапаттары

  • Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980
  • Отан ордені
  • Ерен еңбегі үшін медалі
  • 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5


The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Sholpan Zhandarbekova is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Sholpan Zhandarbekova
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes