Shayakhmet Akylbek Kozhauly
Quick Facts
Biography
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет (1951 жылы туған, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы) - ақын.
ҚазҰУ-ды, Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. Алматы облысысында "Жетісу", Қостанай облысында "Қостанай таңы" газеттерінде, облыстық телекомпанияда қызмет істеген. "Қазақ тілі" қоғамы облыстық ұйымы басқармасының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облысында бойынша әдеби кеңесші, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, болып қызмет атқарған. "Азия - Транзит" (Қарағанды), "Сарыарқа" (Астана), "Жас қазақ" журналдарының ақылдастар алқасының мүшесі.
Қазақ және орыс тілдерінде поэзиялық және прозалық он жеті кітабы шыққан. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Балаларға арналған "Күлімдеді күніміз", "Гүл мен бидай", "Біздің бақша", "Шынар", "Аяз және Қыдыр" атты кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген. "Ақсұлу" тарихи драмасының, "Алғыс пен Қарғыс немесе жарық пен көлеңке", "Таза бұлақ" пьесаларының авторы. Бірқатар кітаптарды құрастырған.
Дереккөздер
- ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6