Sabyr Nijazbekow
Quick Facts
Biography
Сабыр Біләлұлы Ниязбеков (15.12.1912, Ақмола облысы Астрахан ауданы Өрнек ауылы – 26.8.1989, Алматы қаласы) – мемлекет қайраткері. 1963–64 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1930–31 жылдары Орал кеңес-партия мектебінде оқыған. 1931–32 жылдары Қарағанды облысы, Нұра ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Семей облысы атқару комитеті жастар жөніндегі инспектор, 1933–37 жылы Семей және Ақмола облыстарында шаруашылық басшысы жұмыстарында, Қызыл Армия қатарында болды. 1938–41 жылдары баспасөзде мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі Қарағанды облысы бөлімінің редакторы және оның бастығы. 1941–43 жылдары Қарағанды облысы партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болды. 1943–45 және 1954–56 жылдары Мәскеудегі Жоғары партия мектебінде оқыды. 1945–54 жылдары Қостанай облысы партия комитетінің хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1956–65 жылдары Батыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы, Қазақстан КПТның өлкелік комитетінің 2-хатшысы, Целиноград облысы партия комитетінің 1-хатшысы, Алматыоблысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1965–78 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары болды. Ниязбеков республиканың көптеген облыстарының экон. дамуына басшылық жасап, 1960 – 70 жылдардағы Қазақстанның саяси, мәдени өміріне белсене аралас-ты. 2 Ленин, 2 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.1978 жылдан одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. 2 Ленин, 2 Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
- ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы