peoplepill id: nina-smirnova-1
NS
Kazakhstan
4 views today
4 views this week
Nina Smirnova
Kazakh scientist

Nina Smirnova

The basics

Quick Facts

Intro
Kazakh scientist
A.K.A.
Nina Sergeyevna Smirnova
Work field
Gender
Female
Place of death
Almaty, Kazakhstan
Age
69 years
The details (from wikipedia)

Biography

Нина Сергеевна Смирнова(29 маусым 1908, Ульянов облысы Дмитровград қаласы – 5 ақпан 1978, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1953), Қазақстан ҒА академигі (1956).

Өмірбаяны

  • ММУ-ды (1929), оның аспирантурасын (1939) бітірген.
  • 1939 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті) оқытушы, кафедра меңгерушісі
  • 1945 жылдан Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклортану ғылымы мәселелеріне:

  • қазақтың ауызша тараған поэтикалық шығармаларының тарихи даму жолдары
  • эпос
  • айтыс
  • қазақ ауыз әдебиетінің басқа жанрлары
  • фольклор
  • жазба әдебиеттің байланысы мәселелеріне
  • қазақ фольклортану тарихына, т.б. арналған.

Шығармалары

  • “Қазақ әдебиетінің тарихы” (1-т., 1968)
  • “Қазақ фольклористикасы” (1972), т.б. еңбектерді шығаруға атсалысқан.
  • М.Әуезовпен бірге эпикалық туындылардың (“Қамбар батыр”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Алпамыс батыр”, “Қыз Жібек”) ғылыми басылымдарына басшылық жасаған.
  • Жамбыл шығармалары туралы зерттеу еңбегін, Қазақстандағы орыс мектептері үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын (М.Сильченкомен бірге, 1970)
  • қазақ ауыз әдебиеті жөнінде бағдарламалар, ауыз әдебиетін жинау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар жазған.
  • Очерки казахской литературы XVІІІ века, А., 1951;
  • Казахская народная поэзия, 1967.

Дереккөздер

  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Menu Nina Smirnova

Basics

Introduction

Өмірбаяны

Ғылыми еңбектері

Шығармалары

Дереккөздер

Lists

Also Viewed

Lists
Nina Smirnova is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Nina Smirnova
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes