Musilim Basarbajew
Quick Facts
Biography
Мүсілім Базарбаев(15.5.1927, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9.11.1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1993).
ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956–1961), Әдебиет және өнер институтының директоры (1961–1970; 1981–1986), Қазақ КСР-і Мәдениет (1970–1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986–1988), бөлім меңгерушісі (1988–1995) қызметтерін атқарған.
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960–1967), «20–30-жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады (1998). «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертацияның бір тарауын Шәкерім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Көркем аудармалары қазақ тілінде жарық көрді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Шығармалары:
- Живые традиции, А.-А., 1962;
- Әдебиет және дәуір, А., 1966;
- Қаһарлы жылдар жыры, А., 1968;
- Эстетическое богатство нашей литературы, А.-А., 1976;
- Көрікті ойдан – көркем сөз, А., 1994;
- Казахская поэзия: художественные искания (к традициям Абая), А., 1995;
- Замана тудырған әдебиет, А., 1997.
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
- ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- ↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса- Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл