Kayrat Slambekov
Quick Facts
Biography
Қайрат Қанашұлы Сламбеков (20 маусым, 1966 жыл, Алматы) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы. 1992 жылғы Қазақстан чемпионы.
Клубтық карьерасы
Карьерасында "Жетісу", "Спартак", "Қайрат", "Цесна" (кейінгі "Астана-1964"), "Мұнайшы, "Шахтер-Испат-Кармет" клубтарында доп тепті.
Карьерасын 1984 жылы Алматының СКИФ клубында бастағанымен, бір ойында ғана алаңға шықты. Әскерден оралған соң КСРО чемпионатының Қазақ КСР аймағында ойнайтын "Жетісу" клубында доп тепті. 1987 жылы 14 сәуір күні "Энергетикпен" ойында тұңғыш рет алаңға шығып, гол да соқты.
1988-89 жылғы маусымды Семейдің "Спартагында" өткізіп, 1990 жылы "Қайратқа" келді. Қайраттықтар ол кезде бірінші лигада ойнайтындықтан, Қайрат Сламбековке КСРО жоғары лигасында ойнау бұйырмады. 1990 жылғы маусымда 37 кездесуде алаңға шықты, тек біреуінде ғана (соңғы турлардың бірінде Төменгі Новгородтың "Локомотивімен" ойында) алмастырылды.
1992 жылы Қазақстанның тұңғыш чемпиондарының бірі атанды, сол жылы кубокқа да қол жеткізді.
1993-94 жылдары "Жігерде" ойнады. 1995, 1996 жылдары тиісінше бір-бір маусымнан бір маусым "Цесна" мен "Мұнайшыда" ойнап, карьерасының қалған бөлігін "Шахтерда" өткізді. Карьерасындағы ең соңғы ойынын 2000 жылы 30 қазан күні СОФК-Қайратқа қарсы өткізді.
Ұлттық құрамада
1992 жылы 16 шілде күні Алматыда Өзбекстан құрамасына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Жыл соңына дейін құраманың төрт кездесуіне қатысты.
Соңғы кездесуін 1996 жылы 3 қаңтарда Ливанға қарсы өткізді.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионы: 1992
- Қазақстан кубогы: 1992