peoplepill id: k-l-syroezhkin
KLS
1 views today
1 views this week
The basics

Quick Facts

A.K.A.
Konstantin Lʹvovich
Work field
Gender
Male
Age
68 years
The details (from wikipedia)

Biography

Константин Львович Сыроежкин

1956 жылы 19 маусымда Алматы қаласында туған. Орыс.

Әкесі - Сыроежкин Лев Андреевич, зейнеткер, «Қазақ селден қорғау» аймақтық бөлімшесінің бас инженері болған.

Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғары мектебінің шығыстану факультетін (1981) Шығыс елдері бойынша халықаралық референт мамандығы бойынша; КСРО Ғылым академиясы Қиыр шығыс институтының аспирантурасын (1986) бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты (1986). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ҚХР-дағы жұмысшы табының саяси рөлі (1949-1957 жылдары)». Саясаттану ғылымдарының докторы (1995). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «ҚХР-дағы этникааралық қатынастарды жүйелі реттеу: теория және тәжірибе (50-80-ші жылдар)». Синь-цзян университетінің құрметті профессоры (1997). Профессор (2004). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі-корреспонденті (1997), ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі және вице-президенті (1997).

«ҚХР-дағы жұмысшы табының саяси релі (1949-1957 жылдары): қалыптасу мәселелері» (1992), «Қытайдағы қазақтар: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму очерктері» (1994), «ҚХР-дағы этникааралық қатынастарды жүйелі реттеу: теория және тәжірибе» (1997), «Қазіргі замандық Синьцзян және оның қазақстан-қытай қатынастарында алатын орыны» (1997), «ҚКП ұлттық саясаты тұжырымдамасының қалыптасу эволюциясы және негізгі мазмұны» (1998), «ҚХР-дағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс: теория және тәжірибе» (1998), «Қытайдағы этникалық сепаратизмнің аңызы мен шындығы және Орталық Азия қауіпсіздігі» (2003), «Қазіргізамандық Қытай мәселелері және Орталық Азия қауіпсіздігі» (2006), «Қытай: әскери қауіпсіздік» (2008), «Қазақстан-Қытай: шекаралас ынтымақтастықтан нысаналас серіктестікке» (үш кітапта, 2010) кітаптарының; 500-ден астам ғылыми мақаланың авторы.

Орыс, қытай және ағылшын тілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1976-1991).

1973 жылдан - «Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын жобалау» институтының технигі. 1974 жылдан — Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1981 жылдан - КСРО МҚК Шығыс шекаралық округі барлау бөлімінің офицері. 1983 жылдан - КСРО ҒА Қиыр Шығыс институтының аспиранты. 1986 жылдан - Қазақстан ҒА Үйғыртану институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1992 жылдан - Қазақстан ҒА Шығыстану орталығы «Қытай» бөлімінің меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1997 жылдан - «Kazakhstan» Ақпараттық-талдау орталығы «Қытай, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия» бағдарламасының үйлестірушісі. 1998 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. 2000 жылдан - «Континент» журналының ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі. 2003 жылдан - «Инвестициялар пайдалылығын зерттеу агенттігі» ЖШС Талдау ортал ығының жетекшісі. 2005 жылдан бері - «Инвестициялар пайдалылығын зерттеу агенттігі» ЖШС Талдау орталығының жетекші сарапшысы. 2006 жылдан бері - ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері.

ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат жөніндегі алқалы кеңес төрағасының орынбасары.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы - православиелік.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д. Сяопин.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оң көзқарастамын».

Хоббиі - кітаптар.

Сүйіп оқитін әдебиеті - әлемдік классика, фантастика.

Ажырасқан. Ұлы - Георгий.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
K. L. Syroezhkin is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
K. L. Syroezhkin
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes