peoplepill id: grigoriy-grigorevitsj-tsjerkasjin
GGT
Russia
1 views today
1 views this week
Grigoriy Grigorevitsj Tsjerkasjin

Grigoriy Grigorevitsj Tsjerkasjin

The basics

Quick Facts

Places
Gender
Male
Place of birth
Krasnoyarsk Krai, Russia
Place of death
Moscow, Russia
Age
85 years
The details (from wikipedia)

Biography

Григорий Григорьевич Черкашин

Григорий Григорьевич Черкашин (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбин ауданы Рыбное селосы - 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі, кейіннен подполковник.

1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған. Мұнда ол аэроклубтағы оқуын бітірді. 1941 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әуе училищесіне жіберілді. 1943 жылы Чкалов әскери авиация мектебін бітіріп, Р-5 және СБ ұшақтарын игерді. Содан кейін Куйбышев қаласындағы (қазіргі Самара) запастағы 1-авиабригадада «Ил-2» штурмдық ұшақты игеріп, 672-авиаполкке келді. Черкашиннің алғашқы ұшу сапары 1943 жылдың 22 қарашасында болды. Ол Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Венгрия және Югославияда әуе ұрыстарына қатысты. 1945 жылдың акпан айына дейінгі 175 ұшу сапарында жаудың тірі күштері мен техникасына шабуыл жасап отырды. Черкашин 18 әуе ұрысында болып, жаудың 2 ұшағын құлатты. 1945 жылдың мамыр айына дейін 240 ұшу сапарына шықты.

Неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Черкашинге КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (29.6.1945).

1946 жылы бұрынғы полк тарағаннан кейін әуе-десант әскерінде қызметін жалғастырды. 1948 жылы подполковник Черкашин денсаулығына байланысты запасқа шықты.

Қазақстанға келіп, азаматтық авиацияда ұшуын жалғастырды. Ол почта таситын «ПО-2» ұшағын, кейіннен «Ил-2», «Ил-12», «Ил-14» ұшақтарын, ал 1956 жылы алғашқылардың бірі болып «Ту-104» ұшағын жүргізіп, онымен 14 жыл ұшты. 1970 жылы Мәскеуде «Ту-154» ұшағын игерді. Жалпы әуеде Черкашин 23000 сағат болған.

КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы.

Ленин, 3 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Grigoriy Grigorevitsj Tsjerkasjin is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Grigoriy Grigorevitsj Tsjerkasjin
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes