German Alekseevitsj Molodov
Quick Facts
Biography
Герман Алексеевич Молодов (1914, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы - 29.1.1945, Польша, Хелмно қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, батальон командирі, гвардия майоры, орыс.
1930 жылы Омбы қаласына коныс аударған. 1941 жылдың маусымынан 2-Беларусь майданы 70-армия 76-гвардиялық атқыштар дивизиясы 237-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын тәмамдады. 1945 жылы 26 қаңтарда Молодовтың батальоны Висла өзенінен (Польша, Хелмно қаласының маңы) өтіп, плацдармды басып алды. 29 каңтарда жау қарсы шабуылға шығып, қатары сиреп қалған 2-ротаны ығыстырып, өткелді алуға тырысты. Молодов резервтегі взводымен өткелді қорғаушыларга ұмтылды. Молодов осы ұрыстарда ерлікпен қаза тапты. Көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945).
Молодовтың есімі Өскемен, Омбы қалаларындағы көшелерге беріліп, Псков қаласында мемориалдық тақта орнатылған.
Ленин, Қызыл Ту, 3-дәрежелі Суворов, 3-дәрежелі Кутузов ордендерімен, «Ерлігі үшін», т.б. медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х