peoplepill id: erkeghali-rakhmadiev
ER
Russia Kazakhstan
1 views today
1 views this week
Erkeghali Rakhmadiev
Soviet composer and music educator (1932-2013)

Erkeghali Rakhmadiev

The basics

Quick Facts

Intro
Soviet composer and music educator (1932-2013)
Gender
Male
Place of birth
Almaty Region, Kazakhstan
Place of death
Almaty, Kazakhstan
Age
80 years
Genre(s):
The details (from wikipedia)

Biography

Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.

Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.

Өнер жолы

П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің тарихи-теориялық бөлімі мен домбыра классын (1952); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының Е. Брусиловский композициясы классын (1957) композитор мамандығы бойынша; КСРО Композитерлер кеңесіне қарасты Г.И. Литинский мен Ю.А. Фортунатовада біліктілікті жоғарылату курстарын (1957-1958) бітірген.

Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2003). Композитор. Симфониялық күй жанрының негізін қалаушы.

  • 4 ән және романс жинағының, кинофильмдерге, театр спектакльдеріне арналған әуендердің, акапеллалық хор мен өңдеудің, оның ішінде:
    • «Қамар-Сұлу» (1963), «Қыр шұғыласы» (А. Бычков пен Г. Гризбилмен бірлесіп, 1967), «Алпамыс» (1973) операларының;
    • «Лирикалы поэма-реквиемнің» (М. Әуезовке арнау, сөзі С. Мәуленовтікі, 1967);
    • «Айастан» (сөзі Ж. Өмірбековтікі, 1968), «Салтанатты кантата» (сөзі С. Мәуленовтікі, 1970), «Біз партияны мадақтаймыз» (сөзі К. Мырзалиевтікі, 1970), «Партияға ода» (сөзі Ғ. Кайырбековтікі, 1971), «Оянған дала» (сөзі халықтікі, 1960) кантаталарының; «Дайрабай» (1963), «Құдаша-Думан» (1973) күйлерінің;
    • «Амангелді» (1956) поэмасының; «Толғау» (1960); «Скерцо» (1966); «Мұхтараға» (1967), «Қайың арасында» (сөзі Н. Шәкеновтікі, 1970) поэма-реквиемдердің;
    • «Қызыл киіз үй» (сөзі. Н. Шәкеновтікі, 1965) вокалды-хореографиялық композицияның;
    • «Ләйлім» (1953), «Қазақстан» (1957) тақырыптарына арналған вариациялардың;
    • «Секстет» (1956); «Пьеса» (1952); «Екі пьеса» (1954); «Абайдың шақыруына» (1954) поэмасының;
    • хорлардың, оның ішінде «Балқаштағы көш» (сөзі халықтікі, 1961), «Хорал» (1963) поэмалардың;
    • А. Құнанбаев, М. Әлімбаевтың, А. Байғожаевтың, М. Майчекиннің, А. Нұрбековтың, Г. Омаровтың, М. Өмірбековтың, Н. Шәкеновтың, М. Мақатаевтың және т.б. сөздеріне жазылған романстар мен әндердің;
    • оркестрмен ойнайтын кернейге (1982), оркестрмен ойнайтын скрипкаға (1985) арналған концерттерінің;
    • «Майра» (либр. Ғ. Мүсіреповтікі, 1985) музыкалық комедияның;
    • Ғ. Мүсіреповті еске алуға арналған ораторий-реквиемнің (1987);
    • драмалық спектакльдерге, фильмдерге арналған әуендердің, оның ішінде «Атамекен», «Атаманның ақыры», «Шәкен Айманов» (Г. Гризбилмен бірлесе), «Өмір жолы» (1985) және т.б. авторы.

1949-1952 жылдары - Қыздар педагогикалық училищесінің музыка пәнінің оқытушысы (Алматы қ.). 1958 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі. 1959 жылдан - Қазақ филармониясы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің көркемдік жетекшісі. 1962 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Бас басқармасының бастығы. 1965 жылдан - Мемлекеттік өнер институтының аға оқытушысы. 1966 жылдан - Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры. 1967-1975 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. 1968 жылдан - Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Мемлекеттік мәдениет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1992-1993 жылдары - ҚР мәдениет министрі. 2003 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры (2009 жылдан - Қазақ ұлттық өнер университет).

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 7-11-ші шақырылымдарының депутаты (1967-1991). КСРО Халық депутаты (1989-1991). КСРО Композиторлар одағының хатшысы (1968-1991).

«Отан» (2000), Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен; медальдармен марапатталған. ЮНЕСКО Халықаралық музыкалық трибунасының лауреаты (1973), «Біз партияны жырлаймыз» және «Конституция туралы поэма» кантаталары үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын (1980) алған.

ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1967). ҚазКСР Халық әртісі (1974). КСРО Халық әртісі (1981). Қазақстанның Еңбек Ері (2010).ъ

Үйленген. 3 баласы бар.

Дереккөздер

  1. Еркеғали Рахмадиев.
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
The contents of this page are sourced from Wikipedia article. The contents are available under the CC BY-SA 4.0 license.
Lists
Erkeghali Rakhmadiev is in following lists
comments so far.
Comments
From our partners
Sponsored
Credits
References and sources
Erkeghali Rakhmadiev
arrow-left arrow-right instagram whatsapp myspace quora soundcloud spotify tumblr vk website youtube pandora tunein iheart itunes