Buydash Khan
Quick Facts
Biography
Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан, туған жылы белгісіз - 1559/1560) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тайыр ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тайыр хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.
Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. Тарих-и Рашидиде Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз.