Boris Pavlov
Quick Facts
Biography
Борис Тимофеевич Павлов(28.7.1919, Өскемен қаласы - 5.11. 2002, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ага лейтеант, кейіннен l-рангтегі капитан, дивизион командирі, орыс.
Орта мектепті Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында бітіргеннен кейін Әскери-теңіз училищесін үздік бітіріп шықты (1942). 1941 жылы Солтүстік флотқа торпедалық катердің командирі ретінде жіберілді. 1942 жылдың мамырынан Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 жылдың қыркүйегіне қарай Павлов жаудың 2 көлігі мен күзет кемесін жойды. Павловқа ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (5.11.1945). Соғыстан кейін Әскери-теңіз флотында кызметін жалғастырды. 1974 жылы запасқа шығып, Санкт-Петербург қаласында тұрды.
Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х