B.K. Kalymbetov
Quick Facts
Biography
Қалымбетов Бердіқұл (15.3.1920, Сырдария ауданы – 16.2.1978, Алматы) – ғалым, ботаник-миколог, фитопатолог. Саңырауқұлақтарды зерттеген тұңғыш қазақ маманы, биология ғылымдарының докторы (1963), профессор (1967).
Орта Азия мемлекеттік университетін (Ташкент қаласы) бітірген (1949). Қазақстанда микроскопиялық паразитті саңырауқұлақтардың биологиясын зерттеу мектебін қалыптастырған. 1953 – 78 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында споралы өсімдіктер биологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі (1968 – 78), сонымен бірге, 1955 – 57 жылдары Алматы ботаника бағының (қазіргі Бас ботаникалық бақ) директоры, 1970 – 78 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтының (ҚазҰАУ) фитопатология кафедрасының меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері микология мәселелеріне (Қазақстан мен Түрікменстан микофлорасына) арналған. Қалымбетов саңырауқұлақтың ғылымға беймәлім 50-ден аса түрін ашқан. 2-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
= Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы