Aysoeloe Baykadamova
Quick Facts
Biography
Байқадамова Айсұлу (4.10.1927, Торғай — 3.7. 1992, Алматы) — әнші,Қазақстанның халық артисі (1961). Мәскеу консерваториясында оқыған (1949—1954). 1954 жылы Алматы консерваториясын бітіріп, Қазақ опера және балет театрындаЖібек (Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек”), Ажар (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің “Абайында”), Сара (М.Төлебаевтың “Біржан—Сарасында”), Шура (Н. Тілендиев пен Қ. Қожамияровтың “Алтын тауларында”), Қамар (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаковтың “Патша қалыңдығында”), Лакме (К.Ф. Делибтің “Лакмесінде”), Людмила (М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында”), Чио-Чио-Cан (Дж. Пуччинидің “Чио-Чио-Cанында”)партияларын орындады. Композитор С.Мұхамеджанов “Айсұлу” операсын Байқадамова Айсұлуға арнап жазған. Мұнда ол Айсұлудың партиясын айтты. Байқадамова Айсұлуның шығармашылығына нәзік лирикаға бейім образдар тән еді.
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;