Ardak Amirkulov
Quick Facts
Biography
Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов (10 желтоқсан 1955 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы) - кинорежиссер.
Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988)..
Оның "Отырардың күйреуі" екі сериялы фильмі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына (1992), Монреаль қаласында (Канада) өткен халықаралық кинофестивальда (1991) киносыншылар халықаралық ассоциациясының "Фипресси" жүлдесіне, Фигуэйра Де Фош қаласындағы (Португалия) халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс табақша" жүлдесіне және Ашхабадта (Түрікменстан) 1 халықаралық кинофестивальдың (1992) "Күміс жарты ай" Бас жүлдесіне ие болған. Ал "Абай" екі сериялы фильмі (1995, "Ард-фильм" және "Қазақфильм" студиялары), Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің "Күміс Семург" жүлдесін (1997); Гатчина қаласында (Ресей) өткен "Әдебиет және кино" 5-кинофестивалінде "Жастар қоғамдық қазылар алқасының жүлдесін" және Бүкілодақтық Мемлекеттік Кинематография институтының медалін алған (1998).
1997 жылы "Ард-фильм" және Қазақстан Ұлттық продюсерлік орталығы көркем фильмдерінің режиссері болған. Ол "Мутанттар" (1987) көркем фильмінің сценарийін жазған. Қазақ ұлттық Өнер академиясында курс жүргізеген (1996).