Anatolij Gribanovskij
Quick Facts
Biography
Грибановский Анатолий Павлович(2.9.1936 жылы туған, Ресей, Омбы облысы, Москаленки ауданы, Николаевка селосы) – техника ғылымы докторы (1982), профессор (1995), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1996). Омбы ауыл шаруашылық институтын бітірген (1960). Грибановский 1960–1962 жылдары Шығыс Қазақстан облысы. Қатонқарағай ауданындағы кеңшарда механик-бақылаушы, машинатрактор шеберханасының меңгерушісі болды. 1962–1991 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1991–1992 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық Ғылым Академиясының механикаландыру және электрлендіру бөлімінің акад.-хатшысы, ал 1992–1996 жылдары осы академияның 1-вице-президенті қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы бас директорының 1-орынбасары. Негізгі ғылыми еңбектері топырақты аудармай өңдеу және қар тоқтатуға арналған машиналар мен құралдарды жобалау теориясы мен өлшемдеріне арналған. Ол дәнді дақылдарды егу, тыңайтқыш енгізу, әсіресе, топырақ эрозиясына қарсы қолданылатын машиналар мен құралдардың кешенін жасауда үлкен еңбек сіңірді. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1988).