Alexey Nikolaevich Beloslyudov
Quick Facts
Biography
Алексей Николаевич Белослюдов (1887- 1939) - педагог. Семей қаласынндағы гимназияны бітірген. Қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Абай шығармаларын орыс тіліне аудару мәселесіне белсене араласқан. 1914 жылы 10 наурызда Томск қаласындағы ағасы Николайға: «Құнанбаев өлеңдері туралы «Сібірмен» («Сибирский студент») келісіп қой, өлеңдер орысшаға аударылғаннан кейін, қырғыз (қазақ) поэзиясы туралы кішкентай мақала жазып, соған қосып жібер. Мақала жазған кезіңде қажет болып жатса, оларды өзің-ақ ұйқасқа түсіріп кер, мүмкін, бірдеңе шығар. Мен де сенен жақсы жаза алмаймын ғой. Бірақ, байқап көруге бармын. Егер өзің ештеңе істемесең, Витяға жібер», - деп жазды. Ал 1915 ж. Г. Н. Потанинге жазған бір хатында Семейдегі қазақ жастарының үйірмесі ұйымдасқанын, олар қазақтың халық фольклоры мен этнографиясын жинау ісімен шұғылданатынын, ол өзінің бірінші кезекте Абай Құнанбаев шығармаларын орысшаға аударуды міндетіне алып отырғанын айтады. Сол жылы «Сибирский студент» журналына қырғыз (қазақ) поэзиясы туралы мақала жариялайды. Сөйтіп, орыс халқын қазақ әдебиетімен, оның тамаша өкілдері - Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларымен таныстыруды мақсат етеді. Ол Қ. Сәтбаевпен де жақын таныс болған. Оның еліне барып, Баянауылда халықтың әдеби мұрасын жинаған. А. В. Затаевичпен бірге жүріп, ел аралап, өлеңдер, әңгіме, жырлар жинасқан. М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаевтардың ақыл-кеңесімен қолында сақталып қалған әз архивін, бауырлары Виктор, Федор, Николайлардың да архивтері мен фотосурет, картиналарын Қазақстан Республикасы ҰҒА-сына еткізген.
Дереккөздер
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9