Aleksey Rumyantsev
Quick Facts
Biography
Алексей Матвеевич Румянцев - совет экономисі,КСРО ғылым академиясының акадимигі. 1940 жылдан КОКП мүшесі.
Қызмет жолы
Харьков халық шаруашылық институтын бітірген. 1930-43 ж. ғылыми-оқытушылық қызметте болды. 1950-52 ж. УССР ғылым академиясының Экономика институтының директоры, УССР ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің председателі. 1952-55 ж. КОКП ОК-нің аппаратында қызмет істеді. "Коммунист" журналының бас редакторы, "Правда" газетінің бас редакторы болды. Алексей 1965-67 ж. КСРО ҒА экономика бөлімшесінің акадимик - секретары. 1967-71 ж. КСРО ғылым академиясының вице-президенті. 1971 жылдан КСРО ғылым академиясының Президиум мүшесі. Алексей коммунистік формацияның заңдары мен категорияларын, социализм тұсында экономикалық заңдарды пайдалану механизмін, ғылым-техникалық революцияның саяси экономикалық мәселелерін, екі жүйенің экономикалық және ғылым-техникалық жарысы мен ынтымақтастығының мәселелерін , ғылымның даму заңдылықтарын, социал идеология мен мәдениеттің қалыптасуын, ғылыми болжаудың проблемаларын зерттеуге үлес қосты. Ол - КОКП 19-24 съездернің делегаты. Алексей партияның 19-20, 22-24 съездерінде КОКП ОК-нің мүшесі болып сайланды. 4-5 сайланған КСРО жоғарғы Советінің депутаты.