Aleksey Bogdanov
Quick Facts
Biography
Алексей Алексеевич Богданов (12(25). 2.1907, Ресей, Сухулин қаласы – өлген жылы белгісіз) - Ресей Федерациясының геологы, геология-минерал, ғылым докторы (1945), профессор (1946), Ресейдің ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткері (1967).
Солтүстік Прикаспий, Донбасс, Мұғалжар, Карпат, Орталық Қазақстанның аймақтық геологиясы және тектоникасы бойынша, КСРО тектоникалық картасының (1956) және Еуропаның халықаралық тектоникалық картасының (1960) негізгі авторларының және редакторларының бірі. Мәскеу Мемлекеттік университетінің тарих және аймақтық геология кафедрасының меңгерушісі болды. Теориялық тектоника саласында көптеген геологиялық құрылымдар мәселесін шешті. Халықаралық тектоникалық карталар бойынша комиссияның бас хатшысы, Берлиндегі Германия Ғылым академиясының мүшесі (1962), Париж университетінің құрметті докторы (1967), Француз, Бельгия, Чехословакия, Швеция геологиялық қоғамдарының құрметті мүшесі болған.
2 орденмен және медальдармен марапатталған. Мәскеу мемлекеттік университеті қазақстандық геологиялық экспедициясының ғылым басқарушысы ретінде Қаныш Сәтбаевпен ұдайы кездесіп, ақылдасқан, пікірлескен ғалым.
Дереккөздер
- ↑ Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8