Ainabek Ospanov
Quick Facts
Biography
‘’’Айнабек Оспанов Мыңжасарұлы’’’ (3.12.1956 ж.туған, Түлкібас ауданы Сарытөр ауылы ) – суретші. ҚР-ның Мәдениет қайраткері. Шымкент педогогткалық институтын бітірген (1978). Қазақ химиятехнологиялық институты жанындағы «Эктаунг бизнес» мектебін бітірген (1993). 1978 – 82 ж. Алғабас ауданында мұғалім, 1982 – 89 ж. Қазақстан көркемсурет қорында суретші, бас суретші, директор. Түркістан облысы суретшілер одағының басқарма төрағасы болып төрт мерзімге сайланған. 1981 жылдан шығарм. жұмыспен айналысады. Бүкілодақтық және республикалық. көрмелерге қатысқан. КСРО Суретшілер одағының VІІІ съезінің (1992), Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының XІІ, XІІІ, XІV, XV съездерінің делегаты. Ливия, Польша, Венгрия, Германия елдерінде жеке көрмелері өтті. Тараз, Шымкент, Қызылорда, Байқоңыр, Ақтау қалаларында бірқатар ескерткіштер мен монументті мозайкалық шығармаларға жетекшілік еткен. «Қазақ елі», «Тарихнама» және «Қазығұрттың басында кеме қалған» картиналар жобасының авторы және ұйымдастырушы.
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2